Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басқа әншіні көздегенін естідім": Бейбіт Қорған "некесіз баласына" қатысты ойын бөлісті

Отандық шоу-бизнес жұлдызы, әнші Бейбіт Қорған кезінде шу болған “некесіз баласына” қатысты ойын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Айта кетейік, бұған дейін атыраулық Нұргүл Зиханова 5 жыл бұрын Бейбіт Қорғанмен көңіл жарастырғанын айтқан еді. Оның сөзінше, 4 жасар баласы – әншінің ұлы. Өнер иесі "Сырласу" бағдарламасында қонақ болып, істің мән-жайын баяндап берді. 

“Жас күнімізде жүрмеген жеріміз жоқ. Шынымен де менің балам ба деген ойдың болғанын мойындаймын. Өзіме сенімсіз болдым. Бірақ мен ДНҚ тапсырып, теріс нәтижесін көрдім. Оны жекеменшік орталықта тапсырмадым. Кәдімгі мемлекеттік зертхана орталығында тапсырдым. Халық та көзі анық жетпей, шулап кетті. Егер ол менің балам болса, көмектесіп, қамқорлығыма алатын едім. Тегімді беремін. Бірақ олай болмай шықты. Өнерде жүрген достарымның біразы теріс айналды. Тіпті, баланың әкесі мен емес басқа әнші дегенді де естідім. Соны көздепті. Ол туралы айтпай-ақ қояйын. Жау алыстан келмейді. Мені танитын жақын адамдардың тірлігі болуы мүмкін”, – деді әнші. 



Қызу талқыға түскен өнер иесінің өмірі балаларына да әсер еткен көрінеді. 

“Менен гөрі ес біліп қалған балаларыма қиын болды. Мектепте “Сенің әкең екен” деп көзбен шұқып көрсеткенін үйге айтып келді. Олармен отырып ашық сөйлесіп, түсіндіруге тырыстым. Балаға “мынау жаман адам” деп айтсақ, ол тура солай қабылдайды. Жалпы, жұртты қаралаудан аулақ болайық”, – деді эстрада жұлдызы. 

Еске салайық, әнші соттан шақырту келгеннен кейін ДНҚ тапсырғанын жазған едік. 

Талқылау