Басынан тепкен: Алматыда бірнеше бұзақы ер адамды аяусыз ұрып кетті (видео)
Алматыда тұрғын үйдің алдындағы төбелестің видеосы түсіп қалды. Кадрларда ер адамдар аяусыз ұрып-соққаны көрінеді. Видео әлеуметтік желілердің бірінде жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы полиция департаменті күдіктілердің ұсталғанын хабарлады.
"Аталған қылмысты жасады деген күдікпен жедел іс-шаралар өткізу барысында 1987, 1996 және 2000 жылдары туған Жамбыл облысының үш тұрғыны ұсталды, олар мас күйінде Ақсай-1 шағын ауданындағы үйлердің бірінің ауласында бұзақылық ниетпен 34 жастағы жергілікті тұрғынды ұрып-соққан", - делінді баспасөз қызметінің хабарламасында.
Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем баспасөз қызметі сол түні оларға мұрын сүйектерінің сынуына күдікті ер адам түскенін хабарлады.
"Ол № 5 Қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Жағдайы орташа", - деп хабарлады ведомстводан.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Факті Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық"бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
"Қылмыстық іс бойынша жәбірленуші алған дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа жағдайлар анықталуда", - деп толықтырды Алматы полициясы.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
