Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басынан атқан": 21 жыл бұрын ауылдасын өлтірген қаскөй жазадан құтылып кетті  

Өз ауылдасын атып өлтіріп, мәйітін ауласына көміп қойған Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының тұрғыны түрмеге қамалмайтын болды. Бұл қанды оқиға 21 жыл бұрын болған. Қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімінің ескіруіне байланысты қаскөй жазадан құтылып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп.  

21 жыл б9рын

"Қылмыстық жауапқа тартуға мерзімнің ескіруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылсын. Ол дереу сот залынан босатылсын", - деді судья Кенжеғали Кенжебеков.  

Қазақстан заңымен 15 жыл бұрын болған қылмыс қудалауға жатпайды. Сотталған азамат дәл осы мүмкіндікті қолданған. Ол өз кінәсін тек жартылай мойындағанымен, сотта айыбы толық дәлелденіпті. Және ол марқұмның туыстарына моральдық және материалдық шығын есебінде 5 жарым миллион теңге беруге міндеттелді.

21 жыл бұрын болған қанды қылмыс өткен жылдың соңында кездейсоқ ашылған еді. Сол кездегі полицей Есмағамбет Тілеужанов ауылдасы Кеңесхан Мәдіхановпен отырыстың бірінде сөзге келіп, басынан атып өлтірген. Ал мәйтті ауласына көміп, үстіне жаздық бастырма соғып тастаған. Адам табылмаған соң іс жабылады. Ал қайта ашылған іс бойынша судья айыпталушыны жазадан босатты. Мәдіхановтың бауырлары сот үкімімен келіспей отыр.

"Қасақана адам өлтіргенді сот залынан босатып отыр. Бұл шешімге келіспейміз. Өйткені өліп жатқан ит, мал емес – адам баласы. Қанша жыл өтсе де,  жазасын алу керек", - дейді марқұмның інісі Қасымхан Шүңірек.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы коронавирус жағдайы: Тағы 6 адам індеттен емделіп шықты

Алматыда короавирус жұқтырғандардың саны 109 болып отыр

"Үйінде өз бетінше емделген": Түркістан облысында көз жұмған науқас жайлы жаңа мәліметтер айтылды

Науқастың диабетпен ауырғандығы анықталыпты

Коронавирус пандемиясынан кейінгі адамзат өркениетінің жайы не болмақ?

Коронавирус індеті аяқталғаннан кейін өркениеттің болашағы жайлы үш болжам айтылды

Қазақстандықтар коронавирусқа тест жасату үшін қалай өтініш беруі керек

Қазақстанда COVID-19 экспресс-тест тексеруінен кімдер өтеді?

"Жастарға қалдырыңыздар": 90 жастағы кейуана жасанды тыныс алу аппаратына қосылудан бас тартып, артынша көз жұмды

Оның қызы анасының бұл існе еш таңқалмайтынын айтып отыр

Көз жұмған науқас - 64 жастағы Жетісай ауданының тұрғыны: Түркістан облысында індет өмірін қиған науқас жайлы не белгілі?

Жалпы облыста коронавирус жұқтырған 23 азамат анықталыпты

Қазақстандық дәрігерлер коронавирусты анықтайтын тест жасап шығарды

Бұл тест арқылы жұқпалы індетті 5-6 сағатта дәл анықтауға болады

Назарбаевтың денсаулығына қатысты таралған ақпарат жоққа шығарылды

Елбасының баспасөз хатшысы тұңғыш президенттің жағдайы жақсы екенін атап өтті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 500-ге жетті

Індетті тағы 36 адам жұқтырғаны анықталып отыр

Қазақстанда коронавирустан төртінші адам көз жұмды

Көз жұмған науқас Түркістан облысында анықталып отыр. 
Çàãðóçêà...