Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Басына теледидар құлаған: Жетімдер үйінен шыққан әйел қызын жерлеу үшін ақша сұрады

Ақтөбедегі жетімдер үйінің бұрынғы тәрбиеленушісі қызын жерлеуге көмек ақша сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

қыз бала

Қайғылы оқиға 19 тамыз күні болды. 

«Оның анасы пәтер жалдап тұрады. Ал пәтердің едені ескі. Теледидар аяғы дөңгелек үстелдің үстінде тұрған. Жедел жәрдемге хабарласа алмаған соң, Майяны дәрігерге өзіміз алып бардық. Жолда болғанымызда жедел жәрдем әрең дегенде жауап беріп, баланы жақын жердегі емханаға емес, облыстық балалар ауруханасына алып баруымыз керегін айтты. Ол алыс жерде тұрады. Ал ол жаққа барлық такси жүргізушісі бара бермейді. Біз үлгермедік. Қан өкпесіне түсіп, қыз бала көлік ішінде көз жұмды», - деді марқұмның әпкесі Татьяна Петрова. 

Қыз баланың анасының тек әпкесі бар. Ал әпкесі бүгінде көпбалалы ана атанған. Ал күйеуі 6 айлық сәбимен тастап кеткен. Осы орайда марқұмның анасы 22 тамыз күні жерлеу рәсіміне қажет болатын ақша сұрады. 

Талқылау