Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тұрғынының басына мұз құлап қайтыс болған: Оның өліміне кім кінәлі?

Алматыда басына мұз түсіп мерт болған әйелге қатысты сот жалғасуда. Айыпталушы қатарында сол үйге қызмет көрсеткен пәтер иелері кооперативінің төрағасы бар. Ол өз міндетін дұрыс атқармағанs үшін істі болып жатыр. Десе де айыпталушының өзі шатырды сүңгіден үнемі тазартып отырдым дегеннен танбады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды. 

Пәтер иелері кооперативінің төрағасы Қазбек Кәрібаевтың айтуынша, тұрғындардың бірі шатыр жақтауының астына кондиционер орнатқан. Соның кесірінен мұз суағарға түспей қалған деп топшылайды. Егер жауын суы ағатын құбыр үйдің ішімен жүргізілгенде, бұл жағдай болмайтын еді дейді айыпталушы.

Іс бойынша 13 куәгер бар. Бүгін сот алдында оқиғадан соң шатырды сүңгіден тазалаған жалдамалы жұмысшы жауап берді. Ол үйдің төбесін мұздан тазартуға аумақты қоршауға тура келгенін айтады. Қайғылы оқиға осыдан екі жыл бұрын болған.

60 жастағы Наталья Шамузова жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан. Кенет басына алып мұз түсіп, әйел сол жерде тіл тартпай кеткен. Сол кезде әкімдіктегілер коммуналшылар тазарту жұмысын дұрыс жүргізбеген деп мәлімдеген.

"Трассаны түгел жаптық. Сол жерде тұрақтағы көліктерді алып тастадық. Кейін барлық мұзды жерге сілкіп түсірдік. Шатырда мұз көп болды", - дейді куәгер Бекзат Жақсыбаев.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 09 Желтоқсан, 2020 16:26
Талқылау