Басына цемент салынған пакет кигізген: Нұр-Сұлтанда қарақшылық шабуыл жасағандар күзетшіні өлтіре жаздады

Нұр-Сұлтанда салынып жатқан көлік жуу орнының күзетшісіне шабуыл жасалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ақтөбе облысында 15 жастағы жасөспірім төбелес кезінде көз жұмды

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 33 жастағы күзетші салынып жатқан нысанды күзетуге кешкісін кіріскен. Шамамен сағат 5:30-да ол күзет орнында отырған кезде, көшеде естіліп жатқан дыбыстарды естіген.

"Ол есікті ашпақ болған сәтте белгісіз біреулер оның басынан ұрған, содан кейін олар басына цемент салынған пакет кигізген. Үй-жайға апарып, жәбірленушінің қолы мен аяғын байлады. Қарсыласуға тырысқанда күзетшіні пышақтап, содан кейін ол есін жоғалтқанға дейін арматурамен ұрды", - деді полицияда.

Таңертең жұмысқа келген құрылысшылар ес-түссіз жатқан адамды тапқан. Құрылыс алаңынан жалпы құны 2 миллион теңге тұратын тауар-материалдық құндылықтар мен күзетшінің жеке заттары ұрланған. Құрылыс алаңында қауіпсіздік жүйесінің, жарықтандырудың, қоршаудың болмауы ұрланған заттарды кедергісіз шығаруға көмектескен.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер қарақшылық шабуыл жасаған адамдарды анықтау және ұстау бойынша тынымсыз жұмыс жүргізді. Олар 42 және 34 жастағы (бұрын бірнеше рет сотталған) бауырлар болып шықты. Қарақшылық шабуыл жасаған ағайындылар ұрланған тауар-материалдық құндылықтарды Қосшыға апарып үлгерген, оларды сатуды жоспарлаған. Полиция қызметкерлері күдіктілерді қылмыс жасағаннан кейін бірнеше сағат өткен соң ұстады", - деп толықтырды полиция департаментінде.

Полицейлер айғақ заттарды алып, күдіктілерді изоляторға қамады.

Қылмыстық кодекстің 192-бабы "Қарақшылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр