"Жел күшейіп, жаңбыр жауады": Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жасады
"Қазгидромет" алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауатынын болжады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
“6-8 сәуірде оңтүстікте, 7-8 сәуірде оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады. Кей аймақтарда қатты нөсер болады", – делінген хабарламада.
7 сәуірде солтүстік-батыс антициклонның әсерінен еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасының күрт төмендеуі, сондай-ақ қарлы жауын болуы ықтимал.
"Республикада жел күшейіп, тұман болады. Оңтүстік облыстарда шаңды дауыл соғып, найзағай ойнайды. Солтүстікте, солтүстік-батыста ауа температурасы төмендеп, көктайғақ болады”, – деп ескертті синоптиктер.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”