AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басым бөлігі Ресей мен Қытайдан келеді": Елімізде картон тапшылығына байланысты картонмен қапталатын өнімдер қымбаттады

Елмізде картонмен қапталатын тауарлар қымбаттаған. Олардың қатарында сүт, кондитерлік өнімдер мен түрлі сусындар бар. Өйткені қаптаманың бағасы айтарлықтай өскен. Картон мен қағаздың басым бөлігі тек шетелден келеді. Оған соңғы уақыттағы тасымалдың ақсауы да қосылған. Сондықтан кәсіпкерлер амалдың жоқтығынан тауар бағасын да өсіруге мәжбүр болғандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

картон

Биылдан бастап өндірісінде картон қолданатын кәсіпкерлердің жұмысы біршама тұралаған. Солардың бірі – Алматыдағы торт пісіретін кондитердің иесі Мария Рышкова. Осы салада 7 жыл жұмыс істеп келген ол картон бағасының өсуіне байланысты өнімдері 15 пайызға қымбаттаған.

Мәселен, торттарды қаптайтын мына қораптардың әрқайсысы осыдан үш ай бұрын 35 теңге тұратын. Ал қазір мұның бағасы екі есе көтеріліп, 70 теңгеге жетіпті. Сәйкесінше, кәсіпкерлер тәттінің құнын да шарықтатуға мәжбүр болғандарын айтады. 

“Қаптама қымбаттап жатыр. Өйткені отандық өндіріс жоқ. Өзімізде қағаз, картон, тіпті пластик те өндірілмейді.  Барлығы сырттан келеді. Қаптамалардың бағасы қымбаттап жатқан соң, біз де өз өніміміздің құнын өсірдік. Құр қол жалғыз тортты ешкімге бере алмайсың. Тұтынушыларға тәттілер бүлінбей жету үшін сыртында қорап болады”, – деді кондитерлік цехтың директоры Мария Рышкова. 

Сол қорапты көлеміне келтіріп, әрлеп кондитерлер мен өзге де орындарға сататын баспахана иелері де картон бағасының шарықтап кеткенін алға тартты. Өйткені басым бөлігі Ресей мен Қытайдан келетін тауардың бағасы құбылып тұрғандықтан, биыл өнімдері қымбаттап, сатылымы 30%-ға төмендеген. 

“Биыл өкінішке қарай өндіріс қымбаттады. Кем дегенде 30%-ға дейін. Бұл, әрине, біріншіден біз қолданатын материалдардың қымбаттауына байланысты. Ол – қағаз бен картон. Жеткізушілер рубль бағамы мен доллардың шарықтап кетуі себеп деп отыр. Өйткені бізге қажет картоннің бір бөлігі Ресейден, бір бөлігі Қытайдан келеді”, – деді баспахана директоры Наргиз Рахметова.

Ресейдегі картон қаптамаларын өндіретін компаниялар да рубль бағамының құбылуына байланысты шикізаттың қымбаттағанын растап отыр. Сондай-ақ логистика, яғни тауар тасымалдау қиындап кеткен. Алайда қазір жағдай тұрақталды дейді олар.  

“Картон қоймалардан сатылымға шыққан кезде бағасы өте жақсы болды. Шамамен 1 тоннасы үшін 100 мың рубль. Бұл баға өткен жылдың соңына дейін сақталды. Жаңа жылдан кейін баға бірден өсіп, картон өте тапшы болды. Картонға қажеттілік те күрт өсті. Сөйтіп картонды өндірушілер мен сатушылар бағаны бір жарым есе өсіріп жіберді”, – дейді Картон қаптамаларын өндіретін компания директоры Александр Тихонов

Дегенмен елімізге келетін бұл өнімнің құны әлі көңіл көншітпей тұр. Өйткені картонды жеткізушілер өз қалталарын қампайтуды ғана ойлап, жыл басында көтерілген бағаны әлі түсірмей отырған көрінеді. Сәйкесінше өндірісінде картон қолданатын кәсіпкерлеріміз шарасыздан тауар бағасын өсіруге мәжбүр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр