"Басы ісіп, көздері шарасынан шығып кетейін деп тұрды": Сарыағашта 9 жасар бала соқырішекке жасалған отадан көзі көрмей, тілсіз қалған

Сарыағашта тоғыз жасар бала соқырішекпен ауруханаға түсіп, мүгедек болып қалды. Алғаш отасы былтыр маусым айында болған Нұртас Балтабайұлына содан бергі  жеті айда жеті мәрте операция жасалған. Екінші ота кезінде дұрыс наркоз берілмей, басындағы тамырлары жарылып кеткен ұл содан бері көзі көрмей, тілден де қалыпты, Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп.

Науқас

Жасанды комаға түсірілген бала түтікшемен тамақтанып, екі есе салмақ  тастаған.  Ұлының жақын арада аяғынан тұрып кетуінен күдерін үзген анасы, Нұртасты Алматы, не Нұр-Сұлтанға жеткізуін талап етеді.

Сарыағаш ауданының тұрғыны Нұртас Балтабайұлы маусым айында соқырішегі жарылып ауруханаға түскен. Бірінші отадан кейін сөйлеп жатқан баланың ота жасаған жері қабынып, екі тәуліктен соң тағы операцияға алынады. Нағыз азап осыдан кейін басталған.

"Екінші операцияда наркозды дұрыс бермеді. Миының тамырлары, артқы ми тамырлары жарылып кеткен. Басы  екі есе үлкейіп, мен жан сақтау бөліміне кірген кезде ұлымды танымай қалғанмын. Көздері атыздай болып бадырайып, шарасынан шығып кетейін деді", -  деп қан жылап отыр Нұртастың анасы Зәкира Әбенова.

Биыл үшінші сыныпқа баруы тиіс Нұртас оқуда үздік, мектептегі іс-шараларда да белсенді болыпты. Енді  зерек бала аяқ-қолы тырысып, айналада болып жатқан тірлікті қабылдаудан қалған. Анасы минут санап, мұрны арқылы тәртіппен тамақ беріп отыруға мәжбүр.

"Түркістан облысынан шығып, Нұр-Сұлтанға барсам екен. Астананың аты Астана. Неше мемлекеттен дәрігерлер келеді. Біреуі болмаса, біреуі консилиум жасап, көмек болып қала ма екен. Мысалы, басына операция болған жоқ", - дейді жақсылықтан үмітті анасы.

Сарыағаш ауруханасы санитарлық авиация арқылы мықты деген дәрігер-хирургтарды алдырыпты. Олар консилиум өткізіп, баланы Алматыға апару керек деп шешкен. Тек оған 30 келіден 16 келіге дейін азып кеткен Нұртас салмақ жинап, ішіндегі жаралары бітуі керек.

"Кешегі республикалық санавиациядан келген дәрігерлердің айтуы бойынша, ұзақ уақыт реабилитациялық іс-шаралар жүргізілуі керек. Оған баламызға қазір стома тұруына байланысты бірінші соны жауып, кейін баланы реабилитацияға өткізуіміз керек. Стоманы жабу туралы біз облыстық балалар ауруханасынан кеңес алып, қазір сол жаққа ауыстыруға құжат дайындап  жатырмыз", - дейді Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Бауыржан Оспанов.

Бас дәрігердің орынбасары кінә әріптестерінен екенін жасырмайды да. Бұл бойынша облыстық денсаулық сақтау департаменті тексеріс жүргізіп, 5 дәрігерге қатысты түрлі шара қабылдапты. Бірақ алғашқы екі отаны жасап, басты кінәлі делінген хирург Абай Түймебаев бірнеше айдан кейін өз еркімен жұмыстан кетіп, басқа ауруханада жұмыс істеп жүр.

Сау баланы баланы мүгедек етті деген ата-ана дәрігерлердің үстінен полицейлерге жаздан бері арыз жазып келеді. Бірақ белгісіз себептермен «іс жабыла берді» дейді. Соңғы шағымды Нұртастың анасы бір ай бұрын Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жазыпты. Бірақ, бұл жолы да «іс жабылып кетуі мүмкін» деп қауіптенген баланың туыстары мән-жайды прокурорлар қадағаласын деп отыр.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейлік миллиардер Қазақстандағы әуежайды сатып алмақшы

Ресейлік олигарх Виктор Вексельберг Ақтау халықаралық әуежайын сатып алға мүдделі

"Қарттарға тамақты еденге қойып береді": Сағынтаев шағым түскен мекемені тексерді

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұратын Виктория Баженова осындай мәлімдеме жасап, Бақытжан Сағынтаевтан араша сұраған

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны боранда мерт болды

Қарлы боранның салдарынан жолдар жабылып, қар құрсауында қалғандар құтқарылуда

«7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасын Қазақстанның Орнықтылық қоры жүзеге асырады

«Баспана» ипотекалық ұйымы мен Қазақстанның Орнықтылық қоры біріккен болатын.

"Между мной и тобой" хитінің орындаушысы трансгендер әйелге айналды

90-шы жылдардың жарық жұлдызы Оскар өз-өзін тауып, трансгендер әйелге айналды

Телефон қуаттағышты тістеген 6 айлық нәресте өлім аузынан қалды

Бала ұйқыдан оянып, төсектің жанындағы қуаттағыш сымына жалғанған ұялы телефонмен ойнай бастаған

"Бізге вирус әкеле жатыр": Қытайдан эвакуацияланған украиндар автобустарына шабуыл жасалды

Новые Санжары ауылының тұрғындары Қытайдан эвакуацияланған украиндықтарға қатысты наразылықтарын білдірді

Әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Боксшы, тіпті, Геннадий Головкинге жекпе-жекті өткізетін күнді ұсынды

Татар қызына ән арнады: Димаштың ерекше ықыласына бөленген қыз кім?

Қыздың есімі - Лейсан Сейтназарова

Сыныптасымен ұрысып қалған: Көз жұмған оқушының ата-анасы ұлдарының өз ажалынан өлгеніне сенбейді

Түркістан облысында оқушы жұмбақ жағдайда көз жұмды.
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр