"Башқұрт-қазақ бір туған": Ay Yola тобының солисі "Балбырауын" күйін тартты
Башқұртстандық Ay Yola тобының солисі Ринат Рамазанов қазақ халқына алғыс айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Айта кетейік, Ay Yola тобының “Homay” әні 14 наурызда шықты. Әннің сөзін Диана Кильдина жазған. Осы уақыт ішінде Ay Yola YouTube-арнасындағы бейнебаян 930 мыңнан астам қаралым жинаған. Музыкалық платформаларда бірінші орынға жайғасқан.
"Қазақ халқына мың алғыс. Бауырлас ретінде қолдады. Түркі музыкасымен әлемдік рейтингтерде көш бастайық", – деп жазып, “Балбырауын” күйін шертіп берген.
Желі қолданушылары топтың өнеріне жоғары баға беріп, ынтымақ пен бірлік тілеп жатыр.
“Башқұрт-қазақ бір туған”, “Тек алға”, “Өте керемет тартып берді”, “Күніне бірнеше рет әнді тыңдаймын”, “Домбырамызға қатты ұқсайды екен”, – деп жазды көпшілік.
Талқылау