AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дабыл түймелері, видеокамералар, металл іздегіштер: Қазақстандағы мектептерде қауіпсіздік мәселесі қалай шешілуде

Қазақстандық мектептерде дабыл тетіктері мен металл іздегіштер орнатылады, ал білім ошақтарының ғимаратын енді арнайы күзет ұйымдары бақылайды. Оқушылар үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз орта құру – "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасының негізгі мақсаты. Мектептерде не өзгерді? Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қанша теңге қажет? Stan.kz тілшісі анықтап көрді. 

мектеп күзет

Жаңа оқу жылында Қазақстандағы мектептердің барлығында бейнебақылау камералары орнатылған. Мұнымен қатар, алдағы уақытта білім беру ұйымдарында қауіпсіздік шараларын күшейту қолға алынған. Бұл туралы ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы Тимур Қастуғанов айтып берді.  Министрлік өкілінің сөзінше, білім ошақтарын қауіпсіздік техникаларымен қамтамасыз ету жергілікті әкімдіктердің құзыретіне кіреді. Қазіргі таңда мектептердегі қауіпсіздікті күшейту мақсатында бюджеттен қосымша қаражат бөлінген. 

"Мектептерді қаржыландыру функциялары, олардың құрылысы және қажетті жағдайлар жасау, оның ішінде санитарлық, қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз ету мәселелері заң жүзінде әкімдіктердің құзырында. Әрбір білім беру ұйымында барлық қауіпсіздік шарасы қабылдануы қажет. Әкімдіктер бұл мәселені кешенді шешу үшін қосымша қаражат бөлуде. Оқу жылының басталуы қарсаңында ҚР БҒМ білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің қызметкерлері еліміздің барлық облысы мен қалаларындағы әкімдіктерге ведомстволық бағынышты мектептерді тексерді. Орта білім беру ұйымдарында (қала және аудан) 100% бейнебақылау жүйесі орнатылған”, – дейді министрліктің бас сарапшысы.

Дегенмен ол олардың кейбірін жаңарту керектігін атап өтті. 

“Мектептердегі камераларды жаңартуды, ЖБО-ға қосылуды қамтамасыз етуді, ақпаратты шығаруды және белгілі бір кезең ішінде (кемінде 30 күн) сақтауды талап ететіндігімен байланысты проблемалық мәселелер бар. Білім және ғылым министрлігі мектептерге байланысты тапсырмаларды орындамаған тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау үшін бірқатар өңірдің әкімдіктеріне хат жолдады", – деп қосты маман.  

Білім беру ұйымдарын оқушылардың өміріне қауіп төнген жағдайда жедел әрекет ету техникаларын орналастырылмақ. Атап айтсақ, бейнебақылау камераларынан бөлек, мектептерде металл іздегіштермен және дабыл түймелері іске қосылады.  Аталған жабдықтарды орнату мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыруға қойылатын стандарттар мен талаптар негізінде жүзеге асырылмақ. Ал қауіпсіздік техникасын орнатуға қаражат жергілікті бюджет есебінен бөлінеді. 

Министрлік мәлім еткендей, енді қазақстандық мектептердің кіре берісінде қызметкердің орнына арнайы күзет отыратын болады. 

Білім беру ошақтары арнайы дайындықтан өткендігі туралы сертификаты бар, қару алып жүруге құқығы және күзет қызметіне рұқсаты бар жеке күзет агенттіктермен жұмыс істеуге көшетін болады. Мемлекеттік сатып алу порталында  жарияланған ақпаратқа сүйенсек, мұндай агенттіктердің қызметі айына 300 мың теңгеден басталады.

Мәселен, Павлодар қаласындағы №27 мектепте таңғы жетіден  түнгі тоғызға дейін жұмыс істейтін күзет қызметіне 2 айда 669 643 теңге жұмсалмақ. Ал БҚО Ақсай қаласындағы №6 мектеп тек жеке ғимаратты ғана емес, сонымен қоса, мектеп ауласына жататын аймақтарды күзету үшін қызметкерге 2 айда 937 500 теңге төлейтін көрінеді.

"Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасы аясында министрлік мектептердегі қауіпсіздікті арттыру бойынша бірқатар шаралар қолға алынғанын алға тартты. Сондай-ақ, мектептерде бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың іске асырылуына тексеру жоспарланғанын және жобасы аясында 2025 жылға дейін білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешені көзделгенін жеткізді.

Ақсай қаласының №4 мектебі ішкі бақылауға 18, сыртқы бақылауға 12 камера сатып алу үшін 1 млн 887 мың теңге жұмсамақ. Оған қосымша түрде бейне мониторлар, магнитофондар, қатты дискілер мен серверлер алынуы керек.

Ақтөбе қаласындағы  №64 мектеп 900 мың теңгеге 2 рамалық металл іздегіш сатып алуға дайын. Ал Павлодардағы №9 мектеп басшылығы қол металл іздегішін пайдалануды ұйғарған. Оны сатып алуға  38 000  жұмсалды.

Алматы облысы білім басқармасының Сарқан ауданындағы білім бөлімі аудандағы 30 мектепке дабыл тетігін орнатуға 3 миллион 750 мың теңге қаражат жұмсайды. Бір мектептің дабыл батырмасын полиция бөлімшесімен байланыстырып орнатуы 125 мың теңгені құрайды. 

Тимур Қастуғанов қауіпсіздік тек қоршаумен шектелмейтінін атап өтті. Сол себепті орта білім беру мекемелерінде балалар мен ұстаздар психологиясының мықты болуына да ден қойылған. 

"Білім беру ұйымдарында ұстаздар тарапынан да, оқушылар тарапынан да төтенше жағдайларға ден қою дағдыларын қалыптастыру сөзсіз маңызды болып табылады. Ол үшін ішкі істер және төтенше жағдайлар министрліктерімен бірлесіп, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен оқушылар үшін оқыту сабақтары өткізіледі. Сонымен қатар, министрлік әр түрлі қауіп-қатерлерге тез әрекет ету мәселесі бойынша қызметкерлер мен оқушылар арасында оқу-жаттығу өткізу компонентін күшейтуді жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, ішкі істер министрлігімен тұрақты өзара қарым-қатынас шеңберінде мектептерде қауіпсіздікті ұйымдастыруға қойылатын талаптардың сақталуын құқықтық қамтамасыз ету және ішкі істер органдары қызметкерлерінің тарапынан балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп-қатерлерге жедел ден қою мәселелері қаралуда", – дейді ол.

Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасы бойынша мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобалар форматына көшу жүзеге асырылды. "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасында жедел шешімдерді талап ететін және халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламамен сабақтастық сақталған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр