Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура қазақстандықтарды 16 желтоқсанға қарсы заңсыз митингке шығатындарға ескерту жасады

Еліміздің үлкен меркесі Тәуелсіздік күніне байланысты, халық тыныштығы үшін Генпрокуратура тұрғындарға үнду жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

митинг

"Бас прокуратураның түсіндіруіне және әкімшілік ықпал ету шараларына қарамастан, жекелеген адамдар, соның ішінде шетелден әлеуметтік желілер арқылы халықты алдағы мерекелерде заңсыз митингілерге қатысуға шақыруды жалғастыруда.
Бұл адамдар «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңның (бұдан әрі - заң) талаптарын айқын бұзуда", - деген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Б.Б. Дембаев заңсыз минигтің сипатын атап өтті. 

"Атап айтқанда, жоспарланған митинг туралы хабарланғанға дейін ұйымдастырушылар белгіленген күнге дейін 10 күн бұрын жергілікті атқарушы органдарға жазбаша өтініш бермеген. 

Онда олар: іс-шараның мақсаты, нысаны, өткізілу орнын немесе қозғалыс бағыттарын, оның басталу және аяқталу уақытын, қатысушылардың болжамды санын, ұйымдастырушылардың және қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапты адамдардың сауалнамалық деректерін көрсетілуі тиіс болатын", - деген орынбасар бұл міндетті талаптар акция қатысушыларының өздерінің, сондай-ақ басқа да азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ғана бағытталғанын айтады. 

"Сонымен қатар, рұқсат алғанға дейін ұйымдастырушы мен басқа да тұлғалардың митинг туралы жариялауға, оған қатысуға шақыруға, сондай-ақ осы мақсатта парақшалар, плакаттар және басқа да осындай материалдарды дайындауға және таратуға құқығы жоқ екеніне назар аударамыз. 

Басқаша айтқанда, 16 желтоқсанда заңсыз акцияларды ұйымдастырушылардың іс-әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері байқалады (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы – бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы заңнаманы бұзу)", - деп атап өткен Дембаев егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірсе, онда қылмыстық жауаптылық туындайтынын айтады (қылмыстық кодекстің 400-бабы – санкцияланбаған акцияны ұйымдастыру не оған қатысу, егер олар елеулі залал келтірсе).

"Әкімшілік және қылмыстық-құқықтық шаралар осындай акцияларды қолдайтын адамдарға қатысты да бірдей дәрежеде қолданылатын болады.

Осыған байланысты, Бас прокуратура арандатушылық жасамауға, қолданыстағы заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және заңсыз митингілерге қатысудан бас тартуға шақырады", - делінген үндеуде.

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Скотч байлап қойған": Bek Air компаниясына қатысты сұмдық ақпараттар жария болды

Ең басты туындайтын сауал – осыншама қателік бола тұра, ұшу сертификаты қалай берілген?

"Басы ісіп, көздері шарасынан шығып кетейін деп тұрды": Сарыағашта 9 жасар бала соқырішекке жасалған отадан көзі көрмей, тілсіз қалған

Бас дәрігердің орынбасары кінә әріптестерінен екенін жасырмайды

Елімізде кинотеатрлар қатары артып, алыс аудандарда де кино көрсететін орындар ашылуы мүмкін

Еліміз бен әлемдік прокатқа шыққан туындыларды шалғай елдімекен тұрғындарының тамашалауына мүмкіндік тумақ

СІМ қазақстандық кәсіпкердің Испанияда қайтыс болу себебі түсіндірді

Марқұмның денесі екі-үш күнде жеткізіледі

Денсаулық сақтау министрлігі қытайлық вирустың Қазақстанда тарағаны туралы хабарламаған жауап берді

Департамент біздің елде мұндай инфекцияның тіркелмегенін атап өтті

Алматы облысында қыз алып қашқан 4 жігіт сотта жауап берді

Жастарға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді

Үкімет тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинақтарының мөлшерін қайта есептейді

Президент жұмыс тобының ұсыныстарын қабылдады

Қытайдың Ухань қаласында қалған қазақстандық студенттерді елге эвакуацияламайды

230 студенттің жартысы Қазақстанға келіп үлгерді

Скляр: Bek Air жолаушылардың ақшасын қайтаруы тиіс

Роман Скляр: Мүлкін сата ма, басқа істей ме, ақша қайтарылу керек

Ер адам зираттан кездейсоқ өз қабірін тауып алды

Хэттель құлпытасты оның ескерусіз салынғанын айтты
Çàãðóçêà...