Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура Қазақстандағы жылу электр станцияларын тексеруді бастады

Бас прокуратура Қазақстандағы жылу электр станцияларын тексеретіндерін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентті.

"Біз міндетті түрде ЖЭС мәселелері бойынша тексеру жүргізуді жоспарлап отырмыз, бірақ қазір жылу беру кезеңі екенін ескере отырып, барлық ЖЭО-да тексеру жүргізу мүмкін емес. Кейбір тексерулер осы ЖЭО-ның қалыпты жұмысына кедергі келтіруі мүмкін екенін түсінеміз. Сондықтан біз тексеру мүмкіндігі бар ЖЭС-терді қамтитын боламыз. Екібастұзда орын алған істер қайталанбауы үшін прокуратураның, уәкілетті органдардың араласуы қажет болып отыр.

Қазіргі уақытта Риддер қаласындағы жылу электр орталығының жұмысына тексеру жүргізілуде, сонымен қатар Екібастұз қаласының жылу шаруашылығына тексеру жүргізіліп, нәтижесінде қылмыстық іс қозғалып, жұмыс жүргізіліп жатырмыз. Қалған ЖЭО мен жылу электр нысандарын міндетті түрде тексеретін боламыз", - деді бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев.



Сондай-ақ, Бас прокуратура өкілдерінен Риддердегі жылу электр орталығының жұмысындағы заң бұзушылықтар туралы сұрақ қойылды.

"Риддердегі жағдай бойынша тексерулер жалғасуда. Төтенше жағдайлар, өнеркәсіптік қауіпсіздік, ЖЭО қалыпты жұмыс істеуі үшін белгіленген басқа да талаптар бойынша көптеген заң бұзушылықтар анықталды. Сондай-ақ, сәйкестікке тексеру жоспарланған. Инвестициялық тарифтермен, инвестициялық сомалар қайда жұмсалды, бүкіл тариф қайда жұмсалды,  басқа мақсаттарда жұмсалып кетпеді ме тексереміз. Қазір бұл тексерулерді Шығыс Қазақстан облысының прокурорлары жалғастыруда", - деп толықтырды ол.

Талқылау