Бас прокуратура Эпштейн файлдарындағы қазақстандықтарды іздестіруде

Бас прокуратура Эпштейн ісіне байланысты тергеу файлдарында кездесетін қазақстандықтарды іздестіріп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегеновтың айтуынша, деректер көлемі өте үлкен, 3 миллионнан астам хабарлама бар.
"Тексеру жүргізіліп жатыр. Ақпарат көлемі өте үлкен. Олар толық емес, үзік-үзік мәліметтер. Қазір Қазақстан азаматтарының қатысы бар-жоғын және жалпы Қазақстан туралы не айтылғанын толық зерттеп жатырмыз", – деді ол.
-
Депутаттар қазақстандық элитаның Эпштейнмен байланысын тексеруді талап етті
-
Майкл Джексонның оққағары оның Эпштейнмен түскен суретінің мән-жайын түсіндірді
Джеффри Эпштейн америкалық қаржыгер. Ол бай адамдардың қаржысын басқарған, саясаткерлермен, бизнес элитамен, корольдік әулет өкілдерімен араласқан. Ұзақ уақыт бойы ықпалды байланыстарының арқасында жабық өмір сүріп келген. Эпштейн кәмелетке толмаған қыздарды алдап, ақша беріп, оларды жыныстық сипаттағы қанауға тартты деп айыпталды. Тергеу нұсқасы бойынша, ол мұны жүйелі түрде, бірнеше жыл бойы жасаған және арнайы желі құрған.
Бұған дейін Эпштейн ісінде Қазақстан туралы қандай деректер жарияланғаны туралы хабарлаған едік.
Алматылықтар аптап ыстықта жылудың өшірілмей жатқанына шағымданды: Әкімдік себебін түсіндірді