AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бас күдікті – әйелі": СҚО-дағы учаскелік полиция инспекторының өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды

Қызылжарда учаскелік инспектор пышақ жарақатынан көз жұмды. Қанды оқиға полицейдің өз үйінде болған. Тергеушілер бас күдікті ретінде оның әйелін қарастыруда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.  

Қанды қырғын түнгі үштер шамасында болған. Учаскелік полицейді үйінде қанжоса боп жатқанын бірінші әкесі көрген. Бірнеше жерден пышақталған көрінеді. Қазір құзырлы органдар марқұмның әйелінің қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

“ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-бөлімі “Адам өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл оқиғаның марқұмның кәсіби қызметіне еш қатысы жоқ. Ол жанжалдың салдарынан көз жұмған. Құзырлы органдар осыны анықтап жатыр”, – дейді СҚО прокуратурасы.

Жантүршігерлік оқиға көрші-қолаңды дүр сілкіндірді. Осыған дейін бұл отбасын тек жақсы жағынан танып-білген олар болған жағдайға сене алар емес.  

“Біз олармен бұл үйде бірнеше жылдан бері бірге тұрып келеміз. Өте жақсы кісілер. Ата-анасы жас отбасының қолында тұрды. Марқұмның артынан екі баласы қалды. Біреуі мектепте оқиды, екіншісі әлі кішкентай”, – дейді Петропавл қаласының тұрғыны Андрей Мельников.

Капитан шеніндегі учаскелік полицей ішкі істер органдарында 2017 жылдан бері жұмыс істеген.  Былтыр  ол жақсы қызметі үшін "Қаланың үздік учаскелік полицейі" атағына ие болыпты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр