Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас дәрігер жеке жұмысын істеткен: ШҚО денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға түсініктеме берді

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасындағы бас дәрігергердің оқиғасына қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Жайық Жұмақанов жанжалды реттеу үшін аймаққа өзі барды.

"Мен аудан әкімінің қатысуымен қызметкерлермен бірігіп жалпы жиналыс өткіздім. Бүгін арнайы комиссия құрылады, комиссия ауруханаға барып, барлық оқиғаның мән-жайын анықтайды. Жақын арада медициналық мекемеде тексеру жүргізілетін болады", - деді Жайық Жұмақанов.

Сондай-ақ, ол дәрігерлермен жеке кездесуі болғанын, атап айтқанда 13 медициналық қызметкерді қабылдап, шағымдарын тыңдағанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының 1-орталық аудандық ауруханасының дәрігерлері мекеменің бас дәрігерінің қарамағында жұмыс істеуден бас тартты.

Талқылау