Баршаға бірдей босанғанда төленетін бір реттік жәрдемақы қанша
Босанғанда төленетін бір реттік жәрдемақы декреттік демалысқа дейін жұмыс істеген, істемегеніне қарамастан барлық босанған аналарға тағайындалады, деп жазады altaynews.
Бұл жәрдемақы мемлекеттік бюджеттен төленеді. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің артуына байланысты алты пайызға өсетін болады.
«Ведомствоаралық әлеуметтік төлемдерді есептеу орталығы» департаменті мамандарының мәліметіне сүйенсек, аталмыш жәрдемақының мөлшері бірінші, екінші, үшінші балаға 38 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Яғни, 2018 жылғы мөлшері – 91390 теңге. Төртінші және одан кейінгі балаларға 63 айлық есептік көрсеткіш, бұл дегеніміз 151515 теңге. Дүниеге егіз немесе үшем келсе, жәрдемақы әр балаға төленеді.
Оқи отырыңыз:
Әскери қызметші қонаққа барып, екі отбасын қауіпті қылмыскерден құтқарып қалды
Малайзияда 3000 оқушының ішінде қазақ қызы математикадан бірінші орын алды
Дастан есімді студент Оңтүстік Кореяда тележүргізуші болып, Қазақстанды танытып жүр