“Барселона” Мессимен арада туындаған кикілжіңнің себебін түсіндірді
Фото:Getty Images
“Барселона” клубының президенті Жоан Лапорта бұрынғы аргентиналық шабуылшы Лионель Мессимен туындаған мәселенің себебін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Президент Жоан Лапортаның айтуынша, клуб пен Месси арасында келісімшарт мәселесіне байланысты келіспеушілік туындаған.
“Біз ұзақ уақыт бойы өте жақсы қарым-қатынаста болдық. Бірақ келісімшартты ұзартпаған кезде ара-қатынасымыз сәл бұзылды. Кейін оны біршама қалпына келтірдік. Біз оған лайықты құрмет көрсету шарасын ұйымдастырғымыз келеді, – деді Лапорта Mundo Deportivo-ға берген сұхбатында.
Айта кетейік, даңқты футболшы 2021 жылы “Барселонадан” кетіп “ПСЖ” сапына ауысқан еді. Ол “Барселона” сапында Испания Ла Лигасында 10 дүркін ел чемпионы болған. Сонымен қатар Чемпиондар лигасының 4 дүркін жеңімпазы, 3 дүркін Еуропа суперкубок иегері атанды. 2022 жылғы Әлем чемпионатында Аргентина құрамасымен бірге жеңіске жетіп, мансабындағы ең үлкен жетістікке қол жеткізген.
Лионель Месси 2023 жылы аргентиналық жұлдыз “Интер Майами” клубына ауысты. Қазір “Интер Майами” сапында доп тебеді.

"Қанды Қаңтар" алдында газ бағасын көтеруді қолдаған мұнай сарапшысы тағы сынға қалды: Енді жолақыны қымбаттатуды ұсынды
