Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Барлық жері жасанды": Желі қолданушылары ота жасатқан Сиви Махмұдиге сын айтты

Сиви Махмұди жақында маммопластикаға жүгініп, омырауын үлкейткенін айтқан еді. Желі қолданушылары әншінің сырт келбетіне көңілі толмай сын айта бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Әйел қанша жұмыс істесе де, әрқашан әдемі көрінуі керек. Әйел адам қаласа, 30 жаста да қыз болып көріне алады немес 23 жасында-ақ үлкен көрінуі мүмкін . Бәрі қалай киінгеніне, боянғанына байланысты”, – деп жазды Сиви парақшасында.

Желі қолданушылары өз пікірі мен кеңесін айтып жарысты. 

“Не үшін? Неге керек бұл? Ойлан, қалқам. Ақыл-есіңді жи. Сұлулық бетте емес, жүректе болған жақсы”, “Не болып кеткен түрің? Барлық жерің жасанды. Адам осылай азғындыққа ұшырайды. Адам көретін жері жоқ”, “Жұрт алжасайын деп жүр”, “Мынаның несі сұлулық, еркек біткенді өзіңе қаратып”, “Ер азамат қарайтындай түр емес қой”, “Жастарға беріп жатқан тәрбиесі ғой”, “Жасандылық әдемі емес”, деп жазды олар. 

Бұған дейін әнші омырауын үлкейткенін айтқан еді. 

"Шамамен бір ай бұрын маммопластика жасатып, кистаны алдырып тастадым. Енді өзімді сенімді әрі жақсы сезінемін. Әйел үшін өзін, тәнін жақсы көру және айнадағы кескініне тамсану маңызды. Енді менің омырауым керемет күйде. Операция жасату туралы шешіміме еш өкінбеймін", – деп жазды Сивиетта. 


Талқылау