"Барлық қымбат дүкенге кірдік": Ерке Есмахан Дубайдағы демалысын көрсетті
Танымал әнші Ерке Есмахан Дубайдағы демалысын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Өнер иесі босанар алдында шетелге демалысқа кетті.
"Түнде қаланы аралап қайттық. Қадір түнінде тілеген барлық дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Баршаңызға денсаулық, бақыт молшылық тіледім. Бүгін сөмке алуға барып, іздегенімді таптым. Dolce & Gabbana-ның аяқ киімін де сатып алдым. Қатты ұнап тұр”, – деп жазды Ерке Есмахан.
-
"Қызым менің": Ерке Есмахан жүктілігінің қалай өтіп жатқанын көрсетті
-
"Дайын үй ала саламыз": Ерке Есмахан вилласының бітпей тұрғанын айтты
Одан кейін журналист Ләйлә Сұлтанқызы өнер иесімен шетелде кездесіп қалды.
“Дубайда Еркемен бірге жүрміз. Керемет демалыс болып жатыр. Еркемен дүкен аралаған күшті екен. Тек қымбат дүкендерде барып жатырмыз. Барлық қымбат дүкенге кірдік”, – деп жазды журналист.
Еске салайық, әнші сақинасының құны 45 миллион теңге екенін айтқан еді.