Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Барлық дәлелді жариялап, өзімді өлтіремін": Желіде Әнару Құрманәлиева тосын мәлімдеме жасады

әнару аварияФото: https://www.instagram.com/samayakz__/

Боксшы Жанқош Тұраров зорлады деп шу шығарған Әнару Құрманәлиева тағы да мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бүгінде бойжеткен қатты күйзелісте жүргенін көрсетті. 

“Мен 1 жыл бұрын жол апатына түскенде түрім осындай болатын. Жәй ғана таксиға отырып, үйіме бара жатқан кезім еді. Менің бұндай қорлықтарым көп. Мен Қалдыбек Құрманәлінің тұңғыш қызымын. Бірақ осындай аласапыранда өмір сүріп жатырмын. Менде мұндай суреттер өте көп. Бір адамнан көрген қорлығымның да суреттері мен видеолары бар. Егер қаласаңыздар, осы жерге біртіндеп бәрін жүктеймін", – деп жазды Әнару 



Одан кейін есімі елге белгілі азаматтардан көмек сұрады. 

“Анам тірі болғанда бір тал шашым да түспеуші еді. Ол өмірден өткелі осындай күйге жеттім. Әке, мені қорғайтыныңыз қайда?! Жанқоштан бастап, барлығына жемтік етіп қойдыңыз. Айнұр әпке (Тұрсынбаева) мені қорғаңыз. Мен соңында барлық дәлелді жариялап, өзімді өлтіремін. Басқа амалым қалмады. 7 жыл бойы мен осы адамнан қорлық көрдім. Мені барлық жағымнан қорлап, бопсалап, қорқытып ұстап келеді. Жетім деп басыма мінді. Әйелі екіқабат болған екен, мен пәкпін, баламын. Оның үйлі екенін де білмей, сеніп араласқан едім. Сөйтсем, бұл адам әйелі қыз туғаннан кейін маған көңіл бөліп, мені маңайлап жүр екен ғой. Араласа келе қалай оның зорлығына тап болғанымды түсінбей қалдым. Осы адамға жолыққаннан бері өмірім құлдырап кетті", – деп жазды ол.

Еске салайық, "Манипуляция жасауға бейім эгоист екен" деп Әнару Құрманалиеваның адвокаты жәбірленушімен арадағы байланысты үзген еді. 

Гүлдана Нұрлыханова
Сәрсенбі, 20 Тамыз, 2025 17:53
Талқылау