Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Барлық баласының басын қосқан: Айқын Төлепберген қызын қырқынан шығарды

Айқын Төлепберген қызын қырқынан шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Барлық баласының басын қосқан: Айқын Төлепберген қызын қырқынан шығардыӘнші әлеуметтік желідегі парақшасында 4 баласымен бірге түскен суретін жүктеп, қызын қырқынан шығарғанын айтты. Екінші әйелі Жұлдыз Өмірғалиден туылған қызы Айяның қырқынан шығу рәсімін өткізген ол отбасының барлық мүшесінің басын қосып, туғандарына шағын мереке ұйымдастырды. 

"Айяны қырқынан шығардық. Аға-әпкелері келіп құттықтап кетті. Барлық банда жиналды", - дейді Айқын Төлепберген. 

Мұны көрген желідегі жұрт өнер иесінің екі әйелін мақтап, балалардың бірге болуына қарсылық танытпағанына ризашылықтарын білдірген. Олар кішкентай Айяға тілектерін жаудырды.

"Бәйбішесі мықты екен. Маған сондай опасыздық жасаса, бетін көрмей кететін едім", "Жарайсың, жақсы әке бол", "Бауы берік болсын, үлкен, ақылды қыз болып өссін", "Құтты болсын", "Ұрпағыңа қайырлы ғұмыр берсін", "Бірінші келіншегіңіз өте дана кешірімді жан екен", - деп пікір білдірді жұрт. 

Талқылау