Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Барлық әкімге ескерту": Саясаттанушы Әбдірахымовтың орнынан кетуі туралы

Саясаттанушы Ғабидолла Әбдірахымовтың орнынан кетуі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Шымкент қаласының әкімінің отставкаға кетуі туралы белгілі саясаттанушы Ерлан Саиров пікір білдірді. Оның айтуынша бұл барлық әкімдерге жасалып отырған ескерту. Олар саяси тұрғыда білімді азамат ретінде халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, қарапайым болуы керек дейді саясаттанушы.

"Бұл барлық деңгейдегі әкімдерге қарапайым болу керек деген ескерту. Олар мәдени тұрғыда жоғары болып, дұрыс сөйлей алуы қажет. Еліміз халық тарапынан түскен кез келген арызды қанағаттандырып, барлық сұрақты шешуге ұмтылып келе жатыр", - дейді Ерлан Саиров.

Сонымен қатар саясаттанушы еліміздің соңғы уақытта халық тарапынан айтылған әрбір сөзге мән беретін мемлекетке айналып бара жатқанын да айтып, бұл жаңа бастамаларға негіз болып отырғанын жеткізді. 

Еске сала кетсек, бүгін мемлекет басшысының жарлығымен Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі лауазымынан босатылды. Оның орнына осы күнге дейін Отырар ауданын басқарып келген Ерлан Айтаханов тағайындалды.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 31 Шілде, 2019 15:53
Талқылау