"Барыс" жаңа маусымда екінші рет жеңіліс тапты
"Барыс" командасы жаңа маусымның екінші ойынында "СКА" командасына 1:3 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Барыс" құрамы "Динамодан" жеңілген соң қатты өзгере қоймаған. Егор Шалаповтың орнына Владислав Семин шыққан. Ал Диас Гусейнов отбасылық мәселесіне байланысты ойынға қатыса алмады. Оның орнына Михаил Рахманов шықты.
Алғашқы тайм 0:0 есебімен аяқталды. Екінші кезеңде Дмитрий Яшкин есеп ашты. Кейін Александр Волков шайбаны қақпаға дәл түсіріп, есепті еселеді. Соңғы минутта ғана Линден Вей "Барыс" үшін қарсылас қақпасына бір шайба салды.
Ойынның аяқталуына 100 секунд қалғанда Волков тағы бір шайба салып, ойын 3:1 есебімен аяқталды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”