Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Барыс” өз алаңында “Торпедодан” жеңілді

Барыс_ хоккей клубыФото:Ашық дереккөзден

Астаналық “Барыс” клубы Құрлықтық хоккей лигасының кезекті туры аясында өз алаңында Нижегород қаласынан келген “Торпедо” клубын қабылдап, 3:5 есебімен есе жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қос құрама  алғашқы минуттан-ақ ойынды тартысты бастады. Бірінші кезеңде “Барыс” сапынан  Кирилл Панюков есеп ашты. Алайда көп ұзамай қарсылас командадан Максим Летунов таразы басын теңестірді. Үзіліске санауды минуттар қалғанда Райли Уолш “Торпедо” қақпасына шайбаны дәл көздеп, “Барысты” қайта алға шығарды. Есеп 2:1.

Ал екінші кезеңде “Торпедо” ойын тізгінін толықтай өз қолына алды. Қонақтар қатарынан төрт бірдей шайба соғып, камбэк жасады. “Барыс” бұл жолы тек бір ғана шайбамен жауап қайтарды. Қорытынды нәтиже бойынша 3:5 есебімен “Торпедо” жеңіске жетті.

“Барыс” хоккей клубы 15 ойыннан соң небәрі 13 ұпай жинап, Шығыс конференциясында 7-орынға жайғасты.  “Торпедо” болса “Батыс” конференциясында көшбасшылар қатарына қосылды. Олар 16 ойыннан кейін 19 ұпай жинап, турнир кестесінде 2-орынға тұрақтады.

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 13 Қазан, 2025 11:37
Талқылау