Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Барыс" хоккей командасында коронавирус жұқтырғандар саны артты

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов еңбек ұжымдарындағы коронавирус инфекциясы өршіп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қожахметовтың айтуынша, "Барыс" хоккей командасында коронавирус жұқтырғандардың саны тағы да арта түскен. Қазіргі таңда спортшыларға стадионға баруға тыйым салынған. 

"Сонымен бірге, еңбек ұжымдарында COVID-19 ауруы өршіп тұр. Атап айтқанда, "Барыс" хоккей командасының 11 ойыншысында COVID-19 оң нәтиже берді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар шеңберінде 29 байланыста болған адам анықталды, олардың барлығына "Барыс-Арена" стадионына баруға тыйым салынды. Стадионда дезинфекция және қызметкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Алайда 22 қыркүйекте байланыста болған 29 адамды тексерген кезде тағы 8 команда мүшелерінен оң нәтиже анықталды. 19 науқастың барлығында COVID-19 белгілері жоқ, олар амбулаториялық емделуде", - дейді Қожахметов.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі қарапайым халық қана емес мықты спортшылар да коронавирусқа қарсы тұра алмағанын айтты.

Еске салсақ, "Барыс" клубының хоккейшілері коронавирус жұқтырғаны туралы айтқан болатынбыз.

Талқылау