"Барыс" америкалық қақпашы Адам Шилді қатарға қосты
Фото: "Барыс" хоккей клубының баспасөз қызметі
Астананың "Барыс" хоккей клубы жаңа маусымға дайындық аясында америкалық қақпашы Адам Шилмен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шилдің кәсіби мансабы "Даллас" жүйесінде басталған. Соңғы маусымда ол АХЛ-дағы "Колорадо Иглз" сапында 14 ойын өткізіп, қақпаға бағытталған соққылардың 90,4 пайызын қайтарды және орта есеппен әр матчта 2,62 шайба жіберді. Бұған қоса, голкипер Британдық Колумбия Хоккей лигасының "Юта Гриззлис" командасында 19 кездесуге қатысқан.
Айта кетейік, қақпашымен құжаттың мерзімі 2026 жылдың 31 мамырына дейін жарамды.
Анықтама:
Туған күні: 1 мамыр 1999 жыл
Амплуа: қақпашы
Бойы: 193 см
Салмағы: 86 кг
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық қақпашының ҰХЛ өнер көрсететін хоккей клубының құрамына қабылданғанын хабарлаған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

