Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Барып тұрған алаяқтар": Талдықорған тұрғыны полицейлерді желіде жамандағаны үшін қамалды

Талдықорғанда әлеуметтік желіде қалдырған пікірі үшін, ер азамат 20 күнге абақтыға жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

желі

48 жастағы қала тұрғыны тәртіп сақшыларының намысына тиетін сөздер жазып, олардың абыройларына нұқсан келтірген. Осыған орай, Талдықорған аудандық әкімшілік соты оны 20 күнге қамауды ұйғарған. 

Полиция мәліметінше, сәуірде Toyota Land Cruiser көлігін кәмелет жасына толмаған баланың жүргізгені белгілі болған. Жол сақшылары құқық бұзушыны ұстап, ол мінген көлікті айыппұл тұрағына жөнелтіпті. Бұған қоса, әкімшілік хаттама толтырылған. 

Бұл туралы әлеуметтік желіден оқыған ер азамат құқық қорғаушыларға қатысты жағымсыз сөздер жазыпты. Оқиға бойынша "Жала жабу" бабымен әкімшілік іс қозғалған. 

Дидар Халық
Дүйсенбі, 17 Мамыр, 2021 13:14
Талқылау