"Бәрін уақыт көрсетеді": Жигули Дайрабаев ұлдарының алаяқтық жасады деп айыпталып жатқаны туралы ақпаратқа пікір білдірді
"Ауыл" партиясының атынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылған Жигули Дайрабаев ұлдары алаяқтық жасады деп күдікке ілінді деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Менің ұлдарым кішкентай емес, олардың өз өмірлері бар. Оларды қамауға алды деген секілді ақпараттар шындыққа жанаспайды. Бір ұлым егіншілікпен айналысса, екіншісі құлпынай өсіреді. Біз құқық қорғау органдары мен соттардың жұмысына араласа алмаймыз. Бәрін уақыт көрсетеді", - деді Дайрабаев 5 қазан күні ОСК ғимаратында журналистердің сұрақтарына жауап беріп тұрып.
- "Ешкім Астана атын "Жигули" деп өзгерткісі келмейді ғой": Ертісбаев президент кандидатының атын айтып, әзілдеді
- Президенттік сайлау әділ өтеді - Тоқаев
Бұған дейін БАҚ беттерінде Жигули Дайрабаевтың ұлдары Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бұрынғы басшысымен бірге сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп, алаяқтық жасады жасады деп айыпталып жатқаны туралы ақпараттар шыққан.
Еске салайық, 30 қыркүйекте Жигули Дайрабаев "Ауыл" партиясынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылған болатын.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді