Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Контент үшін істедім": Блогер Aii күйеуі Әділдің үйленуге ұсыныс жасағанда бәрін өзі дайындағанын жасырмады

Фото: Жеке парақшадан алынды

Танымал блогер Aii күйеуі Әділдің үйленуге ұсынысты қалай жасағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желі жұлдызы Ыстамбұлда қыдырып жүргенде романтикалық оқиға болғанын “Мамский подкастта” айтып берді. 

“Ыстамбұлға қыдырып бардық. Бір кезде Әділ “Кемеге мінейік” деді. Менің мінгім келген жоқ. Бірақ ол көндірді. Сөйтіп, теңізге шықтық. Бір кезде теңіздің ортасына жеткенде кемені тоқтатып, маған сақинасын көрсетті. Сол кезде бірден “Ешкім бізді түсіріп тұрған жоқ, Instagram-ға не саламын?!” деген ой келді. Бұл сөзімді контент жасап жүрген блогерлер түсінеді. Бірақ қарапайым адамдар жасандылық деп түсінуі мүмкін. Камерасыз жасалған ұсыныс өте шынайы шықты. Әділ де көп назар аударғанды ұнатпайды. Ертеңіне бәрін өзім ұйымдастырып, екінші рет ұсыныс жасады. Ол кез де өте ерекше болды. Әлеуметтік желіге де сол видеоны салдық”, – деді блогер. 


  • "Reels – 5 миллион теңге": Отандық блогерлер жарнама үшін қанша алатындарын айтып берді

  • "Күтпедік": Aii мен Adil лақап атымен танылған блогерлер қуанышты жаңалығын бөлісті


Одан кейін желі жұлдызы күйеуімен Ерке Есмаханның жолдасы Райм таныстырғанын айтты. 

“Райммен жақсы араластық. Райм мен Садр дуэт жаздырып, концертте орындайды. Сол концертке мен де барамын. Әділ де концертке барыпты. Бір кезде Райм сахнадан түсіп келе жатып, “Мынау – Әділ, танысып қойыңдар” деді. Ол жерде ешқандай сөйлеспедік. Кейін араласа бастадық. Әділ маған мүлдем ұнаған жоқ. “Менің болашақ жарым” деп ойлаған емеспін. Жеке нөмеріме хабарласып, жаза бастады. Солай араласып кеттік”, – деді желі жұлдызы. 

Еске салайық, “Моя госпажа” әнімен танымал болған Adil Мәскеуде музыкалық жүлдеге ие болған еді. 

STAN.KZ
Жұма, 23 Мамыр, 2025 10:51
Талқылау