AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бәрін күйеуім үйретті": Түркістан облысында балық аулауды кәсіп қалған келіншек тұрады

Түркістан облысындағы Жетісай ауданында тәжірибелі балықшы әйел бар. Ельмира Төлеева  балық аулайтын жерді қалай таңдауды, оған қандай жем беру керек екенін жақсы біледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

Ельмира Төлееваның негізгі мамандығы – бастауыш сынып мұғалімі. Ұстаз жұмыс күндері мектепке барып сабақ берсе, демалыс күндері көл жағасына балық аулауға шығады.

“Менің ауырып қалатын жағдайым болады мысалы. Болмаса жолдасымның денсаулығы болмай қалуы мүмкін. Сол кезде жолдасым істеу керек деп жатып алмаймын ғой. Еркектің де жұмысын істеп кетемін. Мен ауырып қалсам, жолдасым істеп кетеді. Бұл ауызбіршіліктің белгісі деп ойлаймын”, – деді Жетісай ауданының тұрғыны.

Келіншек бүгінде балықтың түрлерін, оларды қай жерде аулау керек екенін жақсы біледі. Сөзінше, оған бәрін күйеуі үйреткен.

“Мысалы Гортватый деген балықтың арқасы дөңес келеді. Карас басқа болады. Қай балықтан шашлық, қай балықтан бұқтырма жасауға болады. Қалай жасаса дәмді болады. Осының бәрін жолдасымнан үйрендім”, – дейді балықшы.



Ельмира балық аулауға тынығу немесе бойжазып қайту үшін бармайды. Ол аулаған балығынан дәмді ас дайындайды. Оны түскі астың уақытында түрлі мекемелерде жұмыс істейтін адамдар сатып алып кетеді.

Әріптестері Ельмираға мықты маман, тәжірибелі мұғалім деп қана қабылдамайды, оны жақсы аспаз ретінде де бағалайды. Ерекше хоббиына қызығушылық, әрі құрметпен қарайды.  

“Қазақ келіндеріне үлгі болатындай келін деп есептеймін. Жан-жақты, үлгілі ұстаз, ибалыкелін, өнерлі. Біздің әрбір іс-шарамыз осы Ельмирасыз өтпейді. Ұжымға сыйлы. Балықшы келіншек болып танылып жатыр қазір әлеуметтік желілерде”, – деді мектеп директорының орынбасары  Балғын Жамалова.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр