Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Бәрімізді блоктап тастаған”. Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек пен балаларының арақатынасы туралы айтты

Мөлдір Мұқан

Фото: видеодан скриншот

Танымал продюсер Мөлдір Мұқанова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында балалары мен әкесінің қандай қарым-қатынаста екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мөлдір Мұқанова әкесі мен балаларының қарым-қатынасы араласатын адам емес екенін жеткізді.

“Тұрсынбек балалармен кездескен күні мен қуанып жүремін. Мен әкесі мен балаларының қарым-қатынасына араласатын адам емеспін. Олар күнде кездессе де қуанамын. Біз ешқандай жоспар қоймадық. Балалар қыдырып барып келеді, онда да үйдің астындағы кафеде отырып келеді. Олар қаланың сыртына шықса да, басқа елге бірге барса да мен қуанамын. Оның неге олай жасайтынын түсінбеймін”, - деді ол.

Өнер иесі Тұрсынбек Қабатов кейінгі екі айда балаларымен хабарласпай кеткенін, салдарынан балаларының қиналып жүргенін айтты.

“Шындығын айтатын болсам, мен қазір ішімдегі үлкен бір тасты жібітуге келген адаммын. Тұрсынбекті қорғап қалайын, абыройын сақтап қалайын деп тағы да өтірік айтайын деп отырмын. Балалар қазір өте қатты қиналып жүр. Үлкен қызым шетелде оқиды, оған тіпті қиын. Мен түсінбеймін, жарайды, менен кетті. Мені тастады. Бірақ балалардың не кінәсі бар деген ой. Олар шын жақсы көрді ғой, бір қалада тұрып жатырмыз. Бес баланың ішінде өзі үшінші қызымызды қатты жақсы көреді. Сол қызым қатты қиналып жүр. Әкесін көрмегені былай тұрсын, жазғанда жауап ала алмай қиналып жүр. Заңды түрде ажырасқанымызға 7 ай болды, осы уақыт аралығында жеті рет кездескен екен. Ал қыркүйек, қазан айларынды бірін-бірі мүлде көрмеді”, - деді ол. 

Продюсердің сөзінше, бұрынғы күйеуі өзін және балалардың нөмерін бұғаттап тастаған.

“Жақында біліп қалдым, балалардың нөмерін бұғаттап тастапты. Қазір “Иә, араласып жатыр, бәрі жақсы” десем тағы өтірікті өзіммен бірге арқалап кетемін. 10 қазан Тұрсынбектің туған күні. Сол күні Тұрсынбек өзі Instagram желісінде балаларға жазған. Whatsapp нөмерлері бұғатталған, оны кім істегенін білмеймін. Ол балаларға “Қалайсыңдар, жандарым? Неге мені туған күніммен құттықтап, әлеуметтік желіге салмай жатырсыңдар?” деп жазған, болды. Қалған жағдай, осы уақытқа дейін хабарласпай кеткенімен басын ауыртып тұрған жоқ. Оны мүлдем түсінбеймін”, - деп көзіне жас алды Мөлдір Мұқанова.

Айта кетейік, бұған дейін әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовпен ажырасып кеткенін растаған болатын. Бұған әзілкештің көңілдесі пайда болуы себеп болған.

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 03 Қараша, 2025 12:30
Талқылау