Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бәрі мас күйінде келді": Алматыдағы Little Brazil-дегі төбелеске қатысты мекеме әкімшісі жаңа деректермен бөлісті

Алматыдағы Little Brazil караоке-клубындағы төбелеске қатысты мекеменің әкімшісі Айнұр Әділбек жаңа деректермен бөлісті. Айтуынша, сол күні олигархтар Бахаридин Әбләзімов пен Дінмұхамед Ыдырысовтың ұлдары Нұрмұхамет Нұғман мен Жармұхамед Аппаз мұнда басынан мас күйінде келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сурет видео кадрларынан

Ұлттық баспасөз клубында өткен баспасөз мәслихатында Айнұр Әділбек қақтығысты Ыдырысовтың ұлы бастағанын айтты.

“Олардың бәрі мас күйінде келді. Мұнда көңіл көтеру кештерін жалғастырды. Тамақ пен алкогольдік сусындарға тапсырыс берді. Кейінірек Аппазовтың күзетшісі, оққағары Біржан Валиев жұмыс істейтін қыздардың бәріне тиісе бастады", - деді әкімші.

Ал кейбір деректерде олигархтың ұлының күзетшісі Біржан Валиев Алматы қаласы Бостандық аудандық ішкі істер басқармасының белсенді қызметкері ретінде аталды. Әкімші Нұрмұхамет Нұғман мен Жармұхамед Аппаздың төбелесіне байланысты шақырылған полицияның сол кезде әрекетсіздік танытқанын жеткізді.

"Мен сол кезде полицияға хабарласа алмадым. Біздегі бір қызметкер патрульдік машинаны шақырыпты. Кейін "102" келді. Тіпті видеоның жалғасын көрсеңіз, құқық қорғаушылар құжаттарын көрсетіп төбелес болып жатқан жерге кірген", - деп қосты Айнұр Әділбек.

Әкімшіліктің айтуынша, төбелес болған күні мекемеде алты қыз бен диджей Дауылбай Сәтжан жұмыс істеген. Кейін диджей соққыға жығылған. 

Еске салсақ, 6 жарым жылға сотталған танымал актердің ағасы даулы оқиғаның қалай болғанын айтып берген еді.

Талқылау