Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Бәрі қарсы болған”: Қырғызстан президенті Назарбаевтың елордаға қатысты шешімді жалғыз өзі қабылдағанын сөз етті

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елдегі туды өзгертуге қатысты сынға ерекше жауап берді. Ол  Назарбаевты мысалға келтіру арқылы өз шешімінің дұрыстығын дәлелдемек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенрттігі хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстан мемлекеттік туды өзгерту туралы шешім қабылдады. Идеяның негізгі бастамашысы Жапаров. Ол Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың да өз халқы мен депутаттарының еркіне қарсы шешімдер қабылдағанын еске түсіріп, бұл жақсы нәтиже бергенін алға тартты.

"Қазақстанның бас қаласын Алматыдан Астанаға көшіру кезінде депутаттар бұған қарсы болды. "Ақмолаға көшу қайдан шыққан?", “бос жатқан дала", “суық” деп шулаған. Сонда Назарбаев мінбеге шығып, "Халқым, менде бір ой бар. Бүгін менің туған күнім, бір рет мақұлдауыңызды өтінемін” деген болатын. Қазақстан парламенті бұл шешімді мақұлдап, 90-95 пайызы қолдады", – деді Жапаров.

Қазір Жапаровтың айтуынша, Астана әлемдегі ең озық қалалардың бірі. Қырғызстан президенті астананы емес, тек туды ауыстырғысы келетінін айтты.

"Туды өзгертуге қолдау танытуларыңызды сұраймын. Мен сіздердің кезз келген өзгерістеріңізді қолдаймын. Маған да қолдау көрсетіңіздерші. Ту қатты өзгермейді. Біз оны аздап өзгертеміз", –  деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанда тудың өзгеруіне байланысты адамдар митингіге шыққан болатын.

Талқылау