Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бәрі бөртпеден басталды: Көкшетауда 10 айлық сәби менингитке шалдықты деп күдіктелуде

Көкшетауда 10 айлық сәби менингитке шалдықты деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Балаға «менингикок инфекциясы» диагнозы қойылғанымен, зертханалық растау жоқ.

Бәрі бөртпеден басталды: Көкшетауда 10 айлық сәби менингитке шалдықты деп күдіктелуде

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«30 мамыр күні түнде Біржан сал ауданынан он айлық қыз аурухана түсті. Сәби жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы өте мүшкіл. Клиникалық деректер негізінде «менингикок инфекциясы» диагнозы қойылды. Бірақ әлі зертханалық растау жоқ, сынақтарды күтіп отырмыз»,- деді Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Татьяна Бишораева.

Он айлық қыз үш күн бұрын ауырып қалған көрінеді. Алғашында балада бөртпе, яғни атопиялық дерматит болған. Анасы баланың терісіне жайпа май жаққан, бірақ қыздың жағдайы одан әрі нашарлаған. Содан кейін жедел жәрдем шақыртылып, бала ауруханаға жеткізілген.

«Ауруды анықтау, оны емдеу жолы туралы дәрігерлердің кеңесі шақыртылды. Қазір республикалық дәрігерлермен консультация жүргізілуде», – деді Татьяна Бишораева.

Айта кетейік, Қазақстанда сегіз адам менингиттің құрбаны болды. Бұл дерттен көз жүмғандардың төртеуі Алматының, екеуі Алматы облысының, тағы екеуі Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары. Сондай-ақ, Астана қаласында менингит диагнозы расталған үш жасар бала ауруханаға жатқызылды, ал Алматыда тағы 30 адам ем алуда.

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау