Бәрі ақша үшін жүр: “Тақиялы періштені” сомдаған әйгілі актер қазіргі режиссерлерді сынға алды
“Тақиялы періште” кинофильмінде басты рөлді сомдаған актер қазіргі режиссерлердің басым бөлігі сауатсыз деп біледі. Ал олар жарыса түсіріп жүрген сапасыз кинокартиналардың ғұмыры ұзаққа бармайды, дейді Әлімғазы Райымбеков.
Бұл туралы Stan.kz Hit-Tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
“Бәрі композитор, бәрі әнші, жазушы, ақын”, – әңгіменің әлқиссасын дәл осылай деп бастаған актердің шамбайына батқан мәселе көп. Әсіресе, оның заманауи кино мен режиссерлер легіне көңілі толмайды. Айтуынша, киногерлер көрерменді астарсыз әрі сапасыз әзілмен улауда. Біле білсеңіз, бұрын кино алдымен көркемдік кеңеске салынатын, сыннан өтсе Мәскеуде тағы қаралатын, – дейді ашынған “Тайлақ”.
“Қазіргі заманда “Қазақфильмде” бетке ұстар фильмдер жоқ. Шөре-шөре, шала қазақ, Голливудқа еліктей ме, жоқ әлде Еуропаға еліктей ме, өзіміздің салт-дәстүрлерімізді білмейді”, – дейді Әлімғазы Райымбеков.
Сондай-ақ, ақсақал бүгінгінің пайда қуған киногерлеріне де сын айтты.
“Қазіргі режиссерлердің ешқайсысын танымаймын. Бар болса, бар шығар. Жарып шықпай ма? Бәрі ақша үшін, ал бірақ келешегімізге не береді? Соны ойламай ма деп қаламын”, – дейді актер.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
