AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бар шындықты білсем болды": Қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмған курсанттың жақындары нақты деректерді талап етті

Дәулет Жұпарбеков қаңтар оқиғалары кезінде жұмған. Марқұм Ұлттық қауіпсіз комитеті шекара академиясының 2-курсында оқыған. Қазір жақындары ұлының өліміне қатысты шынайы деректерді білсек дейді. Тіпті ешкімге кінә артпайтындарын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Даулет

Дәулет Жұпарбеков жақында ғана 19 жасқа толған. Ата-анасы бұл баласының ең соңғы туған күні екенін білмеппіз дейді. 

"Бесінші сыныпта оқитын інісі бар. Соны өзім тәрбиелеп, әскери қызметкер қыламын, академияға түсіремін деп армандайтын еді", – дейді марқұмның әкесі көзіне жас алып.

Баласы әскери қызметті таңдағанды әкесі қолдау білдіріп, бетінен қақпаған екен. Дәулет үш жерінен оқ тиіп, көз жұмған. Ата-анасына суық хабарды білім алып жүрген академияның командирлері 7 қаңтарда естірткен. 

Сол сәттен бастап үстілерінен жай түскендей күйде жүрген жақындары 19 жастағы перзентінің қашан және нендей жағдайда бақилық болғанын бүкпесіз білсек болғаны дейді. 

"Әрқашан күлімсіреп жүретін. Ұрсуды білмейтін. Мейірімді жан едім жаным", –  деді Дәулет Жұпарбековтың әжесі Хатира Шаймұратова. 

Дәулет отбасындағы төрт перзенттің екіншісі. Кішкентайынан бастап әскери қызметкер болуды армандаған ол тыңғылықты дайындалып, ҰҚК Шекара академиясына оқуға түскен. 

Қаралы күні жамандықты іші сезгендей достарына жақын жүру керегін айтқан екен. Сондай-ақ ол үшінші қаңтарда барлық туыстарына хабарласып, жағдайларын сұраған. 

Достары Дәулетті қандай жағдай болмаса да көмегін аямайтын еді дейді.

"Дәулетке біз тек сыныптасымыз емес, ағамыз, бауырымыз секілді қарайтын едік. Себебі кез келген уақытта көмегін аямайтын", –  деді Дәулеттің досы Назерке Темірхан. 

Дәулет Жұпарбековтың өлімі тек ата-анасының ғана емес, бүтіндей бір елдің қабырғасын қайыстырған. Қазір мектепте Дәулетке арналған бұрыш ашылып, қыршыннан кеткен сарбаздың заттарын өзгелерге үлгі болсын деген мақсатта қойылыпты. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр