"Бар мақсаты – ақша өндіру": Асхат Садырбайдың экс жұбайы желіде жазба жариялады
Фото: Видеодан скриншот
Танымал журналист Асхат Садырбайдың экс жұбайы отбасылық өмірінде болған жанжалдың видеосын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айғаным Болатқызының сөзінше, жақында соттан тағы да жеңіліп шыққан. Бірнеше бейнекадрда баласын әкесінің "өзім ұйықтатамын" деп күштеп алып кеткен сәттері бар.
“Жанымның қатты ауырған сәттері. Осындай видеолар аз емес. Амалдың жоқтығынан дәлелім болсын деп түсіріп алғамын", – деп жазды ол.
-
"Бір сөзіне дәлел келтіре алмады": Асхат Садырбай экс-әйелін сотта жеңіп шықты
-
"Сотқа қайырылмауыма болмады": Асхат Садырбай жеке өміріндегі даулы оқиғаға пікір білдірді
Сондай-ақ журналистің тарапынан қысымға ұшырап жатқанын да жасырмады.
“Желіде қызу талқыға түскен жазбаларда ол қарсы тараптың жалған сараптамалар жасатып, сотқа қысым көрсеткенін де айтады. "Мен медиативке келісіп, тыныштық сұрадым. Бірақ бар мақсаты – менен ақша өндіру. Баламды ауру деп айыптауға дейін барды", – дейді ол.

Екі қыз анасыз қалды: Атырауда ер адам әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді
