Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Банктің несиелік рейтингі - серіктестіктің сенімді кепілі

Қор жинау немесе инвестиция жасау үшін банк таңдағанда оның несиелік рейтингіне аса мән берген жөн. Ал банктің несиелік рейтингі дегеніміз не? Оны білу не себепті маңызды және несиелік рейтингті қалай түсінуге болады? Бұл туралы біздің материалымыздан оқи аласыздар. 

жусан

Несиелік рейтингті білу не үшін маңызды?

Несиелік рейтинг - ақшаңызды қаржы ұйымына салар кезде оған қаншалықты сенім артуға болатынын көрсететін басты индикатор. Жеке тұлғалармен тікелей жұмыс істейтін банктер, сақтандыру мекемелері, мемлекеттік емес зейнетақы қорлары және басқа да қаржы ұйымдарының несиелік рейтингісі болады. 

Аталмыш рейтинг мекеменің қазіргі қаржылық жағдайын ғана көрсетпейді, мұнда оның толық капиталы, қарыз мөлшері және осы уақытқа дейін барлық қаржылық тарихы есепке алынады. Несиелік рейтинг жоғары болған сайын банктің бүгінгі ауқаты мен бұрынғы жағдайына алаңдамай, оның қаржылық қызметін пайдалана беруге болады. Ал керісінше, рейтингі төмен ұйымға сенім артсаңыз, сіз ертеңгі күні құр алақан қалмауыңызға ешкім кепілдік бермейді.  

Сондай-ақ несиелік рейтингтер жеке мемлекеттерге, аймақтарға, өндірістік кәсіпорындарға және басқа да ұйымдарға берілуі мүмкін. Бұл кезде несиелік рейтинг олардың алған қарыздарын қайтару мүмкіндігін көрсетеді. 

Несиелік рейтингтің қандай түрлері бар?

Атап өтерлік жайт, жалпы әлемдік немесе жалпы қазақстандық несиелік рейтинг болмайды. Мұнымен қатар әртүрлі агенттіктер әзірлеген рейтингтер бір-бірімен салыстырғанда өзгеше. Мысалы, бір рейтингте "А+" дәрежесін ие болған ұйым, келесінде"А1", басқасында "kzA+" иеленуі ғажап емес. 

"А" рейтингі әлеммойындаған ұйымдарға, "B" мемлекет бойынша жоғары сенімділікке ие, "С" банктрот болудың алдында тұрған мекемелерге беріледі. Ал егер ұйымның көрсеткіші "D" болса, бұл оның қарыз қайтаруға өзін қауқарсыз деп жариялап, нарықтан шығып қалды дегенді білдіреді. 

Әріптік категориялар ішінде рейтингтер тағы бірнеше топқа бөлінеді. Мәселен, "BBB" рейтингі "BB" индикаторынан бір сатыға жоғары. Сәйкесінше, рейтингі "А+"  ұйым, "А" және "А-" дәрежелі мекемелерге қарағанда беделі күштірек. 

Несиелік рейтингтер құрастырумен қатар, агенттіктер ұйымдардың қаржылық жағдайы болжам жасайды. Яғни, "тұрақты", "ілгерінді" және "кері" деп болжау арқылы сарапшылар алдағы бір жылда мекеменің қалай қарай өзгеретініне баға береді. 

Рейтингтер ұзақмерзімді және қысқамерзімді, ұлттық және халықаралық шкала бойынша, ұлттық және шетелдік валюта бойынша жасалуы мүмкін. 

кредит

Несиелік рейтингті кімдер құрастырады?

Несиелік рейтингті әзірлеуші бірнеше халықаралық агенттік бар. Бұлардың ішінде ең танымалдылары - Moody's, S&P және Fitch ұйымдары. Олар банктердің қаржылық әл-ауқаты мен құнды қағаздарын өтімділігін  өздерінің методологиясы бойынша тәуелсіз бағалайды. 

Агенттіктер өздері рейтинг тағайындаған ұйымдардың нарықтағы жағдайын бақылаудан шығармайды. Осыған орай, сарапшылар уақыт өте келе рейтингтерді көтеріп немесе төмендетуі де мүмкін. Сондықтан да қаржы саласындағы жаңалықтардан үнемі хабардар болып, өзіңіз іскерлік байланыс орнатпақшы болған ұйымның несиелік рейтингін үнемі тексеріп отырған жөн. 

Айта кетейік, несиелік рейтингтердің өзгеруіне әсер ететін бірнеше факторлар бар. Мәселен, мемлекеттің сыртқы және ішкі экономикалық-саяси жағдайы және банктің саясаты агенттіктердің бағасына ықпалын тигізеді. 

Бұған қоса бақылаудың қатаңдауы, инфляция бағамының көтерілуі, болжалды шығындарға алдын ала қамдану үшін жинақталатын қорлар,  докапитализацияға дейінгі сұрақтардың шешілмеуі, акционерлердің сөзге келмеуі, бәсекелестердің нарығына шығу - сарапшылардың ұйымға теріс баға беріп, аз рейтинг тағайындауына әсер ететін белгілер. 

Jýsan Bank - сіздің сенімді серіктесіңіз

Әлемдік экономикалық дағдарыстың елімізге әсерін тигізгеніне қарамастан S&P Global Ratings Қазақстанның "BBB" рейтингі мен "тұрақты" болжамын нақтылады. 

"Ұлттық банкінде жиналған қор, сырт мемлекеттерге қарыздың аздығы, елдің пандемияның экономикаға тигізген керіс ықпалына тойтарыс беру үшін атқарған қаржы саясатының  және мемлекеттік институттардың жоғарғы дәрежелі тұрақтылығының арқасында Қазақстан өз рейтингін сақтап қалды", - делінген агенттіктің хабарламасында. 

Елімізде "BBB" рейтингі үкіметтің кепілдігіне ие кейбір квазимемлекеттік ұйымдарға берілген. Ал қазақстандық екінші деңгейлі банктер үшін "BB" ең жоғарғы көрсеткіш. 

Пандемия кезінде несиелік рейтингін көтере алған жалғыз қазақстандық банк - Jýsan Bank. S&P Global Ratings Jýsan Bank-тің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісін "В-" деңгейінен "В" деңгейіне дейін көтерді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингісін "В" деңгейінде растады. Сонымен қатар банк "тұрақты" болжамына ие болды.

Халықаралық сарапшылар Jýsan Bank басшылығының қаржылық саясатын жоғары бағалап, ұйымның капитал мен өтімділіктің айтарлықтай қорын жинай алғанын алға тартуда. 

Jýsan Bank-тің жаңа басқару командасы өткен кезеңдерде қалыптасқан проблемалық активтердің сапасын қалпына келтіруде және тәуекелдіктің төменгі деңгейін ұстап тұруы S&P Global Ratings назарынан тыс қалмады. 

"Jýsan Bank рейтингісін қазіргі жағдайда жоғарылату - бұл ерекше оқиға және банктің тұрақтылығы мен сенімділігін растайды. Меншікті капитал коэффициенттерінің жеткіліктілігі нарықтағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады. Бұл үлкен жетістік", - деді Jýsan Bank басқарма төрағасы Айбек Қайып.

Jýsan Bank-ке "тұрақты" болжамының тағайындалуы алдағы жылдары банктің қазақстандықтардың сенімді серіктесіне айналатынына кепілдік береді. Яғни, Jýsan Bank капитал мөлшері, өтімділіктің едәуір қоры және тәуекелдіктің төменгі деңгейін ұстап тұруға бағытталған стратегиясын әлемдік сарапшылар мойындап отыр. 

Талқылау