Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалақысы 150 мың теңге: Банктер алаяқтардың алдауына түскен әйелге айына 350 мың несие төлеткізген

Банктер мен микроқаржы ұйымдары несие беру кезінде алушылардың нақты табысын есепке алмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Банк және микронесие ұйымдары несие беру кезінде қарыз алушылардың нақты табысы мен әлеуметтік жағдайына мән беруді тоқтатты", - деді вице-министр Игорь Лепеха.

Вице-министр Қостанай облысындағы жағдайды мысалға келтірді. Инвестиция салуды ұсынған шетелдік алаяқтардың алдауына бой алдырған зейнеткер екі банк пен бір шағын несие ұйымынан жалпы сомасы 21 миллион теңгеге алты онлайн несие алған. Ақшаны алаяқтарға қарт әйелдің өзі аударған.

"Ол екі аптадан кейін полицияға хабарласқан. Ақшаны шетелдегі алаяқтар әлдеқашан алған. Әрине, олардың жеке басын анықтадық, оларға процессуалдық баға берілді. Бірақ қазір мәселе басқаша. Жәбірленушінің ай сайынғы табысы, яғни зейнетақысы – 150 мың теңге, ал несие төлемі – 350 мың теңге шамасында. Ал қазір зейнеткер не істерін білмей отыр", – деді министр.

Игорь Лепеха Ішкі істер министрлігінің тергеушілері банк мекемелеріне тиісті ұсыныстар енгізетінін, соның негізінде азаматтар мұндай несиелер бойынша төлемдер мен есептеулерді уақытша, белгілі бір уақытқа ғана тоқтататынын айтты.

Талқылау