Банкир Тәтішевті өлтірген Мұратхан Тоқмәди соттан жаза мерзімін қысқарту туралы өтінішін қарамауды сұрады
Банкир Ержан Тәтішевті өлтірді деп айыпталған Мұратхан Тоқмәди соттан шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қарамауды сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Коллаж: Stan.kz
Ақпаратты оның адвокаты Нариман Кервенов растады.
"Қорғаушы тарап Бас прокуратурадан әлі жауап алған жоқ. Тоқмәди шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін кейін жазуды жоспарлап отыр", – деді адвокат Кервенов.
Ал Мұратхан Тоқмәдидің өзі сот отырысына қатыспады.
Айта кетейік, 2024 жылдың тамызында сотталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қабылданған еді. Дегенмен жәбірленуші тарап сотқа апелляциялық шағым түсіріп, Тоқмәди түрмеден шықпайтын болған.
Жақында тағы да Мұратхан Тоқмәди жаза мерзімін қысқартқысы келетінін хабарлап, сотқа жүгінген.
Еске салайық, 2004 жылы 19 желтоқсанда "Тұран Әлем" банкінің басшысы болған белгілі қазақстандық банкир Ержан Тәтішев орманда аң аулап жүріп қаза тапқан еді. Мұратхан Тоқмәдиге 2007 жылы Тәтішевтің өліміне себепкер болды деген айып тағылып, "Абайсызда өлтіру" бабы бойынша сотталған. Сонда Тоқмәдиге бір жыл ғана бас бостандығынан шектеу берілді.
Кейін АҚШ федералдық тергеу бюросының экс-қызметкері Тәтішевтің өлімі қасақана болғанын дәлелдейтін деректерді ұсынғанын жаздық. 2017 жылы Луи Фри тергеуді басқарды. Оның сөзінше, Ержан Тәтішевті оның бизнесін тартып алу үшін қылмыстық топ жалдап өлтірген. Бұрынғы федералдық тергеу бюросы (ФТБ) мамандарының тәуелсіз тобы қару кездейсоқ атылуы мүмкін емес екенін анықтаған. Алайда сол кезде айыпталған тарап керісінше сараптама жасады. ФТБ бұрынғы директорының айтуынша, қылмысты Мұхтар Әблязов жоспарлаған.