Bank RBK шетел валютасындағы жеке тұлғалардың салымдары бойынша рекордтық өсім көрсетті
Биыл қыркүйекке қарай ұжымдық сақтандыру жүйесіне кіретін екінші деңгейлі банктердегі (ЕДБ) халық салымдарының көлемі 26 трлн теңгеге жетті. Оның ішінде 22,6 трлн теңге (өсім – 19,3%) – мерзімді салым. Шетел валютасындағы мерзімді салымдар 4,8 трлн теңгеге жетіп, бір жылда 10,3% артқан. Бұл туралы Ranking.kz агенттігі ҚР Ұлттық банкінің деректеріне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстандағы ірі банктер арасында халықтың шетел валютасындағы мерзімді салымдарының жылдық өсімі бойынша абсолютті көшбасшы – Bank RBK: өсім 34,8%, көлемі 202,2 млрд теңгеге жетті. Айта кетсек, бұл банктегі мерзімді салымдардың жалпы көлемі (ұлттық және шетел валютасында) 27,9% өсіп, 538,9 млрд теңгеге жеткен. Өз кезегінде жеке тұлғалардың салымдары бір жылда 17,1% өсіп, 609,9 млрд теңге болды, ал халық пен бизнестің жалпы депозиттік көлемі 16% өсіп, 1,5 трлн теңгеге жетті.
Банктің депозиттік өнімдері халық арасында ұлттық та, шетел валютасында да жоғары сұранысқа ие. Мысалы Bank RBK нарықтағы ең танымал өнімдердің бірі — Safe жинақ депозитін ұсынады. Бұл салымның басты артықшылықтары — 10%-дан 17,5%-ға дейін (ЖТСМ — 10%-дан 18,3%-ға дейін) жоғары сыйақы мөлшерлемесі және қызмет көрсетуге комиссия алынбайтын премиум дебеттік төлем картасын тегін рәсімдеу мүмкіндігі.
Жалпы алғанда, Қазақстандағы топ-10 банк секторында шетел валютасындағы мерзімді салымдардың жиынтық көлемі 4,7 трлн теңгеге жетіп, бір жылда 10,4% өсті. Ал өзге банктердің үлесі бар болғаны 92,4 млрд теңге тиесілі (өсім – 6%).
Мерзімді салымдар – бөлшек депозит нарығының маңызды және қызықты сегменті. Бұл – белгілі бір мерзімге ашылатын және қаражатты жинақтауға бағытталған салым түрі. Ал шетел валютасындағы салымдар бірнеше жылдан бері халықтың мерзімді салымдарының 20%-на жетіп, тұрақты сұранысқа ие. Себебі жинақ үшін теңгедегі де, шетел валютасындағы да салымдарға ие болу пайдалы. Біріншісі – жоғары мөлшерлеме үшін, екіншісі – қаражатты тұрақты валютада сақтау үшін.
Жалпы бөлшек салымдардың 99,7%-ы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКҚ) ұжымдық сақтандыру жүйесіне кіретін банктерде сақталады, яғни жоғарыда айтылған 26 трлн теңге.
ҚДКҚ жинақтық, мерзімді және мерзімсіз салымдардағы қаражаттың сақталуына кепілдік береді. Максималды төлем сомалары:
- 5 млн теңге – шетел валютасындағы депозиттер бойынша;
- 10 млн теңге – ұлттық валютадағы мерзімді және мерзімсіз депозиттер бойынша;
- 20 млн теңге – ұлттық валютадағы жинақ салымдар бойынша.
Егер клиент бір банкте түрі мен валютасы әртүрлі бірнеше депозит ашса (мысалы теңгедегі және шетел валютасындағы мерзімді салымдар), онда ҚДКҚ кепілдігінің ең жоғарғы жиынтық сомасы – 20 млн теңге болады.
ҚНРДА 2021 жылғы 5 сәуірде № 1.2.100/245/41 лицензиясын берген

"Арнайы тізім жасалуда": Президент тапсырмасынан соң Қазақстанда кімдердің жәрдемақысы қысқартылады
