Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Bank RBK 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік көмекті мерзімінен бұрын өтеу сомасын екі есе арттырды

РБК банкі (1)Bank RBK 2024 жылдағы қызметтің қорытындылары бойынша 37,302 миллиард теңге сомасында мемлекеттік көмекті мерзімінен бұрын ішінара қайтаруды жүзеге асырғанын мәлімдеді.

Тиісті шешімді банк акционерлері 2025 жылғы 27 тамызда кезектен тыс жиналыста қабылдады.

2025 жылдың мамыр айында өткен акционерлердің жиналысында компания 2024 жылдың қорытындысын шығарып, мемлекеттен алынған 18,3 миллиард теңге көлеміндегі көмектің бір бөлігін ішінара мерзімінен бұрын қайтару туралы шешім қабылдады. Осылайша, 27 тамыздағы шешім мерзімінен бұрын өтеу көлемін 2 еседен аса, яғни 18,3 миллиард теңгеден 37,302 миллиард теңгеге дейін ұлғайтады.

Bank RBK бұрын хабарлағандай, қаржы институты мемлекеттен қолдау ретінде алынған қаражатты мерзімінен бұрын қайтару ұстанымын жалғастырып келеді. Ал ішінара мерзімінен бұрын өтеудің кестесі мен көлемі банктің қаржылық нәтижелеріне байланысты анықталады.

Банк 2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасының банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасы шеңберінде қаражат тартқан еді.

Қазір банк мемлекет алдындағы өз міндеттемелерін мерзімінен бұрын және едәуір көлемде орындауға мүмкіндік беретін сенімді өсімді көрсетіп жатыр.

"Мемлекеттік қолдауды ішінара мерзімінен бұрын өтеу туралы шешімді банк акционерлері мемлекет басшысының тапсырмасын ескере отырып, сондай-ақ банктің мемлекет, экономика және Қазақстан Республикасының азаматтары алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі саясатына сәйкес қабылдады. Сонымен қатар мемлекеттік көмекті мерзімінен бұрын қайтарудың осындай елеулі көлемі банктің тұрақты қаржылық жағдайы мен оның тиімді қызметінің арқасында мүмкін болды. Bank RBK барлық пруденциалдық нормативтерді сенімді орындайды. Соның ішінде өтімділік көрсеткіші бойынша көш бастап келеді және капитал жеткіліктілігі нормаларынан едәуір қорман асып түседі", – деп Bank RBK басқарма төрайымы Наталья Акентьева қабылданған шешімге түсініктеме берді.

Осы қаражат қайтарылғаннан кейін банк ірі корпоративтік клиенттердің де, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен бөлшек клиенттердің де жобаларын қаржыландыру бойынша белсенді кредиттік қызметті жалғастырады.

Осылайша, 2022, 2023 және 2024 жылдардың қорытындылары бойынша банктің мемлекеттік қаражатты мерзімінен бұрын қайтару мөлшері шамамен 67 миллиард теңге болады.

Бұған қоса, 2017 жылдан бастап қазірге дейін банк мемлекеттен алынған қаражат бойынша 67,3 миллиард теңге көлемінде купондық сыйақы төледі.

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша коммерциялық банктер арасында Bank RBK корпоративтік несие портфелінің көлемі бойынша 5-орынды, активтер бойынша 8-орынды және капитал бойынша 9-орынды иеленді.

2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша "Bank RBK" АҚ-ның активтері 2,4 триллион теңгені, кредиттік портфелі – 1,3 триллион теңге болды.

*ҚНДРА-мен 2021 ж. 05 сәуірде берілген № 1.2.100/245/41 лицензиясы.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 10 Қыркүйек, 2025 15:03
Талқылау