Несие алушыға қойылатын талаптар: Банктер клиентті қалай таңдайды?

Қазақстандықтардың арасында банктер несие берерде тек жалақы мөлшеріне назар аударады деген жаңсақ пікір кең таралған. Мәселен, кіріс көлемі бірдей, несие рәсімдегісі келген екі азаматқа банктың жауабы екі түрлі болуы ғажап емес. Сонымен, неліктен бір клиентке несие бірден берілсе, басқасының жолы болмай жатады? Банк несие тағайындауда неге мән береді? Қаржы ұйымы клиенттерді қалай таңдайды? Бұл туралы бүгінгі материалымызда айтып бермекпіз. 

кредит

Банктер несиелік тәуекелді бағалауда немесе клиент таңдауда екі әдіс қолданады:

  1. Сарапшылардың немесе несие инспекторларының регламентке сәйкес бағалауы;
  2. Автоматтандырылған скоринг жүйесі (баллдық жүйе).

Скоринг - математикалық немесе статистикалық модельге негізделген жүйе. Ол арқылы банк клиенттердің несие тарихына сүйеніп, оның қарызды уақытында төлеу мүмкіндігін анықтайды. Яғни, клиенттердің скорингтегі көрсеткіштерінің жоғары болуы олардың  сенімділігін байқатады. Мұндай сипаттамалардың жиынтығы әр банкте әртүрлі, сондықтан да бұл жүйені алдын ала болжау мүмкін емес.

Жеке тұлғаға қатысты несиелік маңызы бар сипаттамаларға тоқталайық. Бұл сипаттамалар кепілсіз несие алуда шешуші рөлге ие. 

Несие алушының жасы. Кез келген банктің несие бағдарламасында қарыз алушының ең төменгі және ең жоғары жасы бекітіледі. Әдетте, бұл көрсеткіш 21 жас пен зейнет  жасына дейінгі аралықты құрайды (Қазақстанда 2021 жыл бойынша әйелдер 60 жаста, ерлер 63 жаста зейнетке шығады). Егер сіздің жасыңыз төменгі немесе жоғарғы шекке жақын болса, банк несие беруден бас тартуы мүмкін.

Отбасылық жағдайы. Банк үшін ресми түрде үйленген/тұрмыс құрған несиегер тұрақты клиент болып есептеледі. Дегенмен несие алуда қиындық тумас үшін ерлі-зайыптылардың екеуі де жұмыс істеуі немесе алушы адамның жалақысы жоғары болуы керек . Өйткені егер несие алушының жұбайы жұмыссыз болса, қарыз берерде асыраушының жалақысының бір бөлігі тұрмыстық қажеттіліктер үшін деп есептеледі. Сондай-ақ, балалар саны да несие берерде негізге алынады. 

Еңбек өтілі. Несие беруші банк үшін клиенттің соңғы жұмыс орнындағы еңбек өтілі - өте маңызды дүние. Алайда қазіргі күні кейбір банктер несие алушыға жеңілдікпен қарап, соңғы жұмыс орнында 3-4 ай өтілі бар азаматтарға да қарыз береді. Бұл тұрғыда қаржы ұйымы несиегердің соңғы уақытта жұмысты қаншалықты жиі ауыстырғанына мән беретінін ескеріп өткен жөн. Сонымен қатар, еңбек өтілінің ұзақ мерзімге тоқтап қалуы да несиеге қабілеттілікті анықтауға кері әсерін тигізеді. Осыған орай, кейбір банктер тіпті несиегерден оның себебін түсіндіруді талап етуі де ғажап емес. 

Кіріс көлемі. Несие алушы құжат түрінде жалақысын, айлық кіріс көлемін дәлелдеуі қажет. Айта кетейік, сіздің банк анықтамасында көрсеткен мәліметтеріңіз, осы мамандықтың нарықтағы орташа жалақымен тұспа-тұс келуі шарт. Себебі сіз құжатта көрсеткен еңбекақы көлемі нарықтағы көрсетішкітерден әлдеқайдан артық болса, бұл банкті күдіктендіруі мүмкін. 

Несие тарихының жағымды болуы. Банк пен клиенттің арасындағы байланыс несие беруде шешуші рөл ойнайды. Несиегердің бұған дейін кешіктірілмей өтеген қарыздары, банктегі депозиттері мен осы банк арқылы жалақы алуы оның жағымды несиелік тарих қалыптастыруына ықпал етеді. 

Айтылған сипаттамалар бойынша жоғары ұпай жинаған клиенттерге несие алу оңай болады. Ал Сбербанк Қазақстанда 6 млн теңгеге дейін кепілсіз несие алу үшін мынандай талаптар қойылады: 

  • Қарыз алушының жасы 21-ден зейнет жасына дейін.
  • Еңбек өтілі 6 айдан жоғары.

Кепілсіз несиені кез келген мақсатта рәсімдей аласыз. Пайыздық мөлшерлемесі 5%-дан басталатын бұл несиені бес жылға дейін рәсімдеу қарастырылған. 

Бұдан бөлек, Сбербанк Қазақстанның өзге де несие өнімдерін банк сайтынан оқуға болады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр