AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Банк Хоум Кредит Алматы қаласы Жедел жәрдем қызметкерлерін жаңа униформамен қамтамасыз етті

2022 жылдың 28 сәуірі Қазақстанда Жедел медициналық жәрдем қызметкерлері күні ретінде аталып өтіледі. Осы күнге орай Банк Хоум Кредит жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкерлеріне қайырымдылық көмек ретінде 2060 медициналық униформа топтамасын дайындады. 

"Қаңтар айының басында Қазақстан тап болған қайғылы оқиғалар бәріміздің есімізде, ел басына түскен ауыр кезеңде медицина қызметкерлерінің нағыз ерлік көрсеткенін жақсы білеміз. Атыс пен шабуылдың ортасында болған ақ халатты абзал жандар өз өмірлерін қатерге тігіп, өзгелердің өмірін сақтап қалды.  Мен барлық медицина қызметкерлерінің жұмысына зор құрметпен қараймын және өмірді құтқару - нағыз ерлік деп санаймын. Өз жұмысына шын ықыласпен қарайтын тұлғалар ғана осы қызметті атқара алады. Соңғы жылдары біздің дәрігерлеріміз алдыңғы шепте жүр. Олардың кәсібилігі мен жеделдігінің  арқасында Қазақстан коронавирустық пандемиямен күресте жеңіске жетті. Мен дәрігерлерге алғыс айтуға мүмкіндік тапқанымызға шын жүректен қуаныштымын. Біздің аз ғана сыйлығымыз жедел жәрдем қызметінің қызметкерлерін қуантып, олардың күнделікті күрделі жұмысына қолдау көрсетеді деп үміттенемін", - деп пікір білдірді Банк Хоум Кредит Басқарма төрағасы Кирил Бачваров. 

Униформа үлгісін жасауға қазақстандық конструкторлар атсалысты, сондай-ақ арнайы киім Қазақстанда тігілді. Көктемгі-жазғы маусымда киюге ыңғайлы болу үшін дизайнерлер мақта талшықтары қосылған маталарды қолданды, мұндай киім өте жеңіл, гигроскопиялық және тозуға төзімді. Форма кез келген тұлғаға сай әрі өте сәнді көрінеді.

"Банк командасына біздің тілектерімізге құлақ асып, осылай елеп-ескергендеріне алғысымыз шексіз: униформа өте сәнді шыққан, ашық түстер, табиғи әрі сапалы маталар қолданылған, киім сәнді болғанымен, күнделікті киюге қолайлы. барлығы ұсақ-түйекке дейін ойластырылған: мысалы, киімде арнайы жарық шағылыстырғыш элементтері бар. Осындай элементтер көзделгендіктен, оны түнде аңғармау мүмкін емес, бұл қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектеседі. Біз Банк Хоум Кредитке  алғысымызды білдіреміз. Бұл қолдау біз үшін өте маңызды, яғни Сіз біздің жұмысымызды байқап, бағалайсыз”, – деді Алматы қаласы жедел медициналық жәрдем қызметінің директоры Ербол Сәрсенбаев. 

Дәстүрлі түрде Банк Хоум Кредит әлеуметтік жобаларға көп көңіл бөледі: 2020 жылы COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде жаһандық бастама аясында Қазақстанның медициналық мекемелеріне 130 000 медициналық маска берілді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр