Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балуандарымыз лицензиялық турнирде бірде-бір жолдама ала алмады

Күрес түрлерінен Түркияда өткен соңғы әлемдік лицензиялық турнирге қатысқан Қазақстан құрамасы бірде-бір жолдама ала алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҰОК

Осы уақытқа дейін бірде-бір жолдама иелене алмаған бұрымды балуандар соңғы лицензиялық турнирде де сәтсіз өнер көрсетіп, жолдамасыз қалды. Қайрат Сағадиев баптайтын әйелдер құрамасы алғаш рет олимпиада ойындарынан тыс қалып отыр. Ал грек-рим күресінен 67 келіде сынға түскен Дінмұхамед Қошқарда жолдама алуға жақсы мүмкіндік болды. Ол үшінші спортшыға берілетін лицензиялық белдесуде египеттік балуанға ұтылып қалды. Еркін күрестен 57 келідегі Рахат Қалжан мен 74 келідегі Нұрқожа Қайпанов та қола жүлде үшін белдесуде ұтылып, жолдамаға таласу мүмкіндігінен айырылды. Осылайша Қазақстан құрамасы Түркиядағы турнирден лицензиясыз қайтты. 

Айта кетейік, күрес түрлерінен Қазақстан құрамасында Париж олимпиадасының 7 жолдамасы бар. Грек-рим күрес шеберлері 4 жолдамаға ие болса, еркін күрес өкілдерінде 3 жолдама бар. Өкінішке қарай, әйелдер құрамасында бірде-бір жолдама жоқ.

Талқылау