Балтық жағалауы елдері ресейлік нөмірлі көліктермен елге кіруге тыйым салды
Балтық жағалауы елдері ресейлік нөмірлері бар автомобильдерге елге кіруге тыйым салатынын жариялады. Енді Ресейде тіркелген автокөліктер үшін Эстония, Латвия және Литва шекаралары арқылы Еуропалық одаққа кіру жабық. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Эстония енгізген шектеулер 13 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша таңғы 10-дан бастап күшіне енді.
Алада автобустар мен мотоциклдер әлі де Эстония шекарасынан өте алады.
Эстонияның кеден қызметі жаңа тыйым ресейлік нөмірлері бар көліктерге иелік ететін ЕО азаматтарына да қатысты деді. Тіпті украиналық босқын да ресейлік көліктермен шекараға келе алмайды.
Литва мен Латвия билігі Ресей азаматтары ЕО визасы, ЕО-ның белгілі бір елінде тұруға рұқсатымен көлігін тастап келе алатынын айтты.
8 қыркүйекте Еурокомиссия Ресейден экспорт және импорттау бойынша түсініктемелер жариялады. Құжатқа сәйкес, ЕО-ға 150-ден астамжеке автомобильдер мен жеке заттарды әкелуге тыйым салынады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”