Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балта және темірмен ұрған: Ақтауда "есірткі тасымалдаушыларды" аяусыз соққыға жыққандар ұсталды

Ақтауда "есірткі тасымалдаушылары" деп болжаған жас жігіттерді аяусыз соққыға жыққан үш ер адам ұсталды. Анықталғандай, екі оқиға да Ақтауда әр түрлі уақытта болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ұрып соққан

Видеодан скриншот

Бұған дейін әлеуметтік желіде бетперде таққан жастардың балта және өзге де құралдармен екі азаматты соққыға жыққан видео тараған. Екі факті бойынша да Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлер қазіргі таңда жәбірленушілер мен үш күдіктіні анықтады. Сонымен қатар 16 және 21 жастағы күдіктілер ұсталған. Тағы бір күдікті іздестіріліп жатыр.

Оқиғаланың толық мән-жайы анықталуда. Қылмыс жасаған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды

Талқылау