Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балконнан секір деді": Жын кірген адам не естіп, не көреді

Астаналық алтын алқа иегері Дана Тұрсынбаеваның сөзінше жын кірген кезде түрлі дыбыстар естіліп, соның салдарынан адам көп нәрсені ұқпай қалады екен. Ата-бабамыз мұндай тылсымның барын баяғыдан білген. Имамдар одан сақтанып жүрудің жолын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Көпбалалы ана Данаға он бірінші баласы шетінеп, шала жансар болып жүрген кезінде жын кірген. 

“Бәрі мен күйзеліске түсіп, көз алдыма бөбегім елестеп жүргенде басталды. “Секір, секір балконнан секір, сонда жақсы боласың” деді. Кейін мен жүгіріп келіп балконды ашайын деген сәтте аша алмадым. Жұлмалап тартқыласам да ашылмады. Қара адам ба, әйтеуір бір бейне аяғымның арасынан жүргізбей кедергі жасады. Одан соң құлаққа түрлі көпшілік халықтың дауыстары естіле бастады. Тіпті олардың даусы жан-жақтан мазаңды алады. Бірі секір дейді, бірі тағы түрлі дүниелерді айтады”,- деді Дана Тұрсынбаева. 

Алтын алқа иегерінің ары қарай ештеңе есінде жоқ. Көршісінің айтуынша ол түрлі қылықтар көрсеткен.

“Келсем шашын жайып жіберген, шешніп тастаған. Көзі адам танымайтын. Балалары бәрі соңында жылап жатыр. Дәретханаға кіріп кетіп шықпай жатыр екен. Есігін бұзып кірдік. Келсек асылуға әркеттенуде”,- деді Дананың көршісі Данагүл Айтмұханова.

Көршісі кешкі сегізден түнгі үшке дейін арпалысыпты. 

“Құранды айтып оқы десек айтпайды. Құранды айтқан кезде жынданады. Оқыған кезде өз-өзін жұлмалап, тілін жұлады. Жынды адамдар секілді”,- деді Дананың көршісі Данагүл Айтмұханова

Имам бұл тылсым құбылыстың қайдан шыққанын түсіндіруге тырысты.

“Шариғатымызға және халқымыздың дәстүріне сүйенетін болсақ, жалпы ғайып әлемі деген бар. Періштелер әлемі, жындар әлемі деген ғайып әлем бар. Сақтанып жүру үшін ықылас, фәлақ, нас сүрелер бар соны жатарда оқып жүрсе болады. ”,- деді наиб имам Олжас Бақытұлы.

Имамдардың айтуынша көбіне күйзелісте жалғызсырап жүрген жандарға үйір болады. Олар адам кейпінде, жануар кейпінде, құс кейпінде, келіп жатады. 

“Ол кезде мен төрт бес жаста болатынмын. Кішкентай баланың бет-бейнесін көрдін. Алайда жын екенін мүлде түсінген жоқпын. Тіпті оған кет әйтпесе сенің кесіріңнен ұтылып қаламын деп айқайлағаным есімде. Сонымен ұрысып тұрғанымда басқа балалар келіп менің кіммен сөйлесіп тұрғанымды сұрап бұл жерде ешкім жоқ екенін айтты. Мен міне тұр ғой, көрмей тұрсыңдар ма дегенде барлығы жамырап жан жаққа қашты”,- деді экстрасенс Ержан Өмірбай. 

“Дыбыс есту, адамдарды көру, мұның бәрі шезофринея ауруында пайда болуы мүмкін. Психикалық өзгерісі бар адамдарда, тұқым қуалауы мүмкін, миға қатты зақым келсе солардың себебі болуы, ұйқысыздық әсер етуі мүмкін”,- деді   Қалалық психикалық денсаулық сақтау орталығының бөлім меңгерушісі Анар Тастембекова 

Ал дін аты жаманнан сақтанудың жолын дұғалардан іздеңіз дейді. 

Талқылау