Балконда асылып қалған: Қапшағайда жеткіншек өз-өзіне қол жұмсаған
Полиция Алматы облысы Қапшағай қаласындағы жеткіншекке қатысты өз-өзіне қол жұмсау фактісін қарастыруда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі zakon.kz-ке сілтеме беріп.
"20 қазанда сағат 07: 30-да Қапшағай ПБ кезекші бөліміне 13 жастағы жасөспірімнің пәтер балконында асылып өлгені жайлы хабар келіп түскен. Жедел-тергеу тобы оқиға орнына келгеннен кейін ақпарат расталды", – деді өңірдің ПД баспасөз қызметі.
Жеткіншектің денесін ата-анасы анықтаған.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 105-бабы (өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Талқылау
Пікір